Тек кіріс алып келетін кәсіп түрлері

0
6 532


Тек кіріс алып келетін кәсіп түрлері

Бизнес құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын ойын екенін талай естіген боларсыз?! Қазір қалтаңызда тиын болмаса да, өз кәсібіңізді бастап кету таңқалдырмайтын жайт болған. Кәсіп бастау үшін арнайы орын, құрал қажет деп кедергілерді орнатпай үйіңізде отырып-ақ, ақша табуға болады. Ол үшін бүгін біз сіздерге ең таңдаулы кәсіп түрлерін ұсынамыз.

Тоқыма киімдеріне тапсырыс қабылдау. Қолдан дайындалған киімдер мен аксессуарлар қашан да бағалы саналады. Тоқыма тоқуға икеміңіз болса әлеуметтік желілер арқылы ғана тапсырыс алып, пайда көруге болады. Біріншіден жарнамаңызға ақша кетпейді, екіншіедн тапсырыспен ғана жұмыс істегендіктен артық шығындалудан сақтанасыз.

Тосап дайындау. Жазда барлығымыз дерлік қыстық азығымызды ойлаймыз. Бау-бақшаның піскен уағында банкі жабу ешкімге таңсық болмаса керек. Кейбір қауым салаттар мен тосаптарды дүкеннен сатып алады. Ал оларға өз өніміңізден дайындалған тосаптар мен салаттарды ұсынсаңыз бас тартпайтыны анық. Бұл кәсіпте де тек тапсырысты ғана орындар болсаңыз, өкінбейсіз.

Тәттілер пісіру. Соңғы кезде әлеуметтік желіде "Тортқа тапсырыс қабылдаймыз" деген жарнамалар көбейді. Десе де тәттіні бәріміз ұнатамыз емес пе? Егер қолыңыздан бал тамған аспаздығыңыз болса үй жағдайында да түрлі торттар мен тәттілерді дайындауға болады. Тіпті торт пісіруді білмесеңіз, бір рет мастер-классқа барсаңыз жетіп жатыр... Қалауын тапсаңыз қар да жанатынын естен шығармаңыз.

Жалғасы бар


Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay