​БАНКА жабу науқаны басталды: ЕРЕКШЕ САЛАТТАР

0
4 131


​БАНКА жабу науқаны басталды: ЕРЕКШЕ САЛАТТАР

Жаз мезгілінің соңы мен күздің басында әйелдер қауымы банка жабуға кіріседі. Көбінесе қыз-келіншектер жыл сайынғы үйреніп қалған салаттарды жауып жатады. Алайда, заман өзгеріп, жаңарып жатқанда салаттарды да неге ауыстырмасқа?!

Тұрсынбек Қабатов айтқандай «бауырсақтың ішіне салма салатын» уақыт келгендей! Қашанға дейін жаттанды сацебели немесе маринадталған қиярдың жалғыз өзін жаба бересіздер?!


Татарлар әдісімен дайындалған салат

Қажетті қоспалар:

  • 2 кг баялды
  • 1,5 кг болгар бұрышы
  • 1,5 кг қызанақ1 кг пияз
  • 100 гр. қант
  • 150 мл өсімдік майы
  • 70 гр. тұз
  • 1-2 дана ащы қызыл бұрыш
  • Жарты шай қасық кориандр
  • 1-2 тал ақжелкек тамыры
  • 30 гр. балғын аскөк
  • 4 бас сарымсақ
  • 40 гр. күнзе.

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық көкөністерді тазалап жуып, қабығын аршимыз. Баялдыны текшелеп немесе ұзыншалап турайсыз. Ал, қызанақ, сарымсақ, аскөк пен ащы бұрышты еттартқыштан өткізесіз.
  2. Пияз бен болгар бұрышын ұзыншалап турау керек. Содан соң қазанға май құйып, пиязды, туралған ақжелкек тамырын қуырасыз. Содан соң тартылған қызанақты қйұып, 5-7 минуттай қайнатады.
  3. Артынша баялды мен тұзды салып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Осылайша қазанды ары қарай 20 минуттай қайнату керек.
  4. Енді қазанға тәтті болгар бұрышын салып, 10 минуттай қайнатасыз. Осы уақыт өткеннен кейін еттартқыштан өткізілген сарымсақ, аскөк, ащы бұрышты, кориандр мен қантты салыңыз. Бәрін салып болған соң салатты 1 сағаттай қайнатасыз.
  5. Дайын салатты банкаларға құйып, қақпағын арнайы бұрағышпен бұрасаңыз болғаны.


Болгар бұрышы қосылған «Манжо» салаты


Қажетті қоспалар:

  • 2 кг баялды
  • 3 кг қызанақ
  • 300 гр. сәбіз
  • 1 бас сарымсақ
  • 2 кг болгар бұрышы
  • 0,5 стақан сірке суы
  • Азырақ ащы бұрыш
  • 1 кг пияз
  • 100 гр. қант
  • 100 гр. тұз
  • 200 мл өсімдік майы
  • 1 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен барлық көкөністерді жуып аласыз. Сосын қабығы аршылатындарды тазалайсыз.
  2. Қызанақ, сарымсақ, сәбіз және ащы бұрышты еттартқыштан өткізесіз. Баялдыны қабығын аршымай, орташа көлемде турайсыз. Болгар бұрышын ұзыншалап турағаныңыз дұрыс.
  3. Пиязды жұқалап турап, барлық көкөністерді бір ыдысқа саласыз. Сөйтіп дәміне қарай тұз, қант, сірке суы, қара бұрыш пен өсімдік майын құйып, жақсылап араластырып, 1 сағаттай отқа қойып бұқтыру керек. Кейіннен дайын болған салатты банкаға жауып ала бересіз.


Баялды мен сарымсақтан ащы салат


Қажетті қоспалар:

  • 2 кг баялды
  • 500 гр. болгар бұрышы
  • 5 дана ащы қызыл бұрыш
  • 5 дана ащы көк бұрыш
  • 1 бас сарымсақ
  • 5 ас қасық сірке суы
  • 1 ас қасық қант
  • 1 шай қасық тұз
  • 2 ас қасық өсімдік майы

Дайындалу тәсілі:

  1. Баялдыны тазалап жуып, екі басын кесіп алып тастайсыз. Сосын баялдыны текшелеп турап, шым-шым тұз қосыңыз. Тұздалған баялды 30 минуттай тұруы керек. 30 минуттан кейін баялдыны тағы бір жуып аласыз.
  2. Тәтті және ащы бұрыштарды тазалап жуып, еттартқыштан өткізесіз. Сарымсақтың қабығын аршып, оны да майдалау керек.
  3. Баялды, бұрыш пен сарымсақты қазанға салып, өсімдік майын, сірке суы мен қант, тұз қосып, қайнатасыз. 30-40 минутта салат дайын болады. Салатты кішірек банкаларға жауып алсаңыз болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Еуропалық әдіспен дайындалған таңғы ас


Жаздық СОРПАЛАР мәзірі