Иммунитетті көтеретін ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫН дайындап ішіңіз

0
5 835

Қарбыз шырыны инфекцияны ағзадан "қуып шыға" алады. 1 стақан шырынында 1 тәулікке жетерлік минералдар бар.


Иммунитетті көтеретін ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫН дайындап ішіңіз


Жаздың аптап ыстық күнінде бір тілім қарбыздан кім бас тарта алады? Қарбызда жасұнықпен қатар, органикалық қышқылдар, калий, темір, кальций, магний мен фосфор элементтері бар. Сондай-ақ, А,С және В тобындағы дәрумендерді де қарбыз шырынынан табуға болады. Сол себепті де қарбыз шырынын дайындап ішуге ерінбеңіз. Қазіргідей вирустың тез таралып жатқан кезінде қарбыз шырынын ішіп, иммунитетті көтерейік!



Қажетті өнімдер:
1 дана қарбыз
100 мл су
Жалбыз бен қант

Дайындалу тәсілі:




Ең алдымен қарбыздың қабығын пышақпен кесіп алып тастаймыз. Сосын ірі көлемде турап, блендерге саламыз.



100 мл суды құюды ұмытпау керек. Содан кейін ғана блендерді іске қосыңыз.


Дайын шырынды сүзгіштен өткізіп аламыз. Шырынды 1,5 сағатқа тоңазытқышқа салып салқындатып қоямыз.

Шырын салқындаған соң тәрелкеге қантты салып, стақанның ернеуіне қарбыз шырынын жағыңыз да, батырып алып оңғаратып қойыңыз. Содан соң осы стақанға шырынды құйып, жалбызбен әсемдеңіз. Сонда шырын да дайын болады.



Пайдалы шырынды отбасыңызбен бірге ішіңіз.



Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Дәмді окрошка дайындаудың 5 мәзірі

ШӨЛ БАСАТЫН сусындардың төресі - НӘРСУ

Болгар бұрышынан дайындалатын ДӘМДІ пісірме