Картоптан дайындалған тойымды әрі дәмді салаттар

0
4 004

Күз мезгілінде осы салаттарды жасаған өте пайдалы.


Картоптан дайындалған тойымды әрі дәмді салаттар

Картоп - өте құнарлы, дәмі де өте керемет көкөністердің бірі. Бұл көкөністі салатқа да, тағамға да, тіпті, бәлішке де қосуға болады. Тойымды тағам күздің салқын ауа-райында бойыңызды жылытып, күш-қуатыңызды арттыра түседі. Өте ерекше әрі тойымды салаттарды түскі не кешкі асқа дайындауға да болады.


Картоп пен ет қосылған күзгі салат

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана картоп
  • 300-350 гр. ет
  • 2 ас қасық соя соусы
  • 9%-дық 1 ас қасық сірке су
  • 1 дана болгар бұрышы
  • Дәмдеуіштер, дәміне қарай тұз
  • 2 тіс сарымсақ.

Дайындалу тәсілі:

  1. Картопты тазалап жуып, үккіштен өткіземіз. Сосын 5 минуттай салқын суға салып қою керек.
  2. Етті ұсақтап турап, табаға май құйып қуырамыз. Қуырылып жатқан етке дәмдеуіштер мен сарымсақ қосамыз. Бірер минуттан соң соя соусын құйып, бұқтырып қоямыз.
  3. Болгар бұрышын ұзыншалап турап, табаға саламыз. Етпен бірге қозғай отырып қуырамыз.
  4. Кастрөлге су құйып, үккіштен өткізілген картопты салып, 3 минуттай қайнату керек. Сосын сірке суын құйып, тағы да 2 минут қайнатамыз. Жақсылап араластырып, дуршлагқа салып суын сорғытып аламыз.
  5. Енді қуырылған ет пен картопты, барлық қоспаларды қосып араластырамыз.
  6. 1-1,5 сағатта салат та дайын болады.


Картоп пен жүгері қосылған дәмді салат


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. картоп
  • 150 гр. консервіленген жүгері
  • 150 гр. қияр
  • 100 гр. краб таяқшалары
  • 50 гр. пияз
  • 50 гр. қаймақ
  • 30 гр. майонез
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен краб таяқшаларын майдалап турап аламыз. Сосын қиярды да текшелеп тураймыз.
  2. Пиязды майдалап турап, барлығын бір табаққа саламыз. Жүгеріні де салуды ұмытпаймыз.
  3. Картопты қайнатып, суыған соң текшелеп турап, салатқа қосамыз.
  4. Ал, тұздық үшін қаймақ пен майонезді араластырып, тұз, бұрыш қосу керек. Осы тұздықты салатқа салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Сонда салатымыз да дайын болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күзде балаларға А дәруменіне бай АСҚАБАҚ ботқасын беру керек



Пияз нанды пеште жұп-жұмсақ етіп пісірудің ең оңай әдісі