Кептірілген өрік пен жаңғақ салынған тәтті пирог

0
3 637

Ағзаны дәрумендермен, минералды заттармен нәрлендіретін өте дәмді пирог.


Кептірілген өрік пен жаңғақ салынған тәтті пирог

Пирогты кептірілген жемістерден дайындап көрдіңіз бе? Егер бұрын-соңды мұндай пирог пісірмеген болсаңыз, біз ұсынған мәзірді пайдалануыңызға болады. Аталмыш пирог Сіздің отбасыңызға да ұнап, қайта жасауыңызды сұрары анық. Олай болса, дәл бүгін кептірілген жемістер қосылған пирогты жасап көріңіз!


Қажетті қоспалар:

  • 100-130 гр. кептірілген өрік
  • 100 гр. грек жаңғағы
  • 500 гр. қаймақ
  • 120 гр. қант немесе қант алмастырғыш
  • 50-60 гр. лаваш
  • 3 ас қасық жүгері крахмалы.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен кептірілген өрікті тазалап жуып, кептіріп аламыз. Содан соң орташа көлемде тураймыз.
  2. Грек жаңғағын да ұнтақтап, табаға салып сәл ғана қуырып алу керек. Грек жаңғағын қатты ұнтақтаудың қажеті жоқ.
  3. Енді 500 гр. қаймаққа қантты салып араластырып, жүгері крахмалын саламыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
  4. Осы араласпаға кептірілген өрікті, грек жаңғағын салып, араластыру керек. Соңында лавашты турап, оны да табаққа саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, табаға құямыз.
  5. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, 40-45 минут пісіреміз. Осы уақыт аралығында пирог та пісіп шығады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


МҰҒАЛІМДЕР мен ОҚУШЫЛАРҒА күзде КАКАО ішкен пайдалы


Құлпынай қосылған трайфл