Асқабақтан котлет жасап көрдіңіз бе?

0
5 972

Котлет дәмді тағамдардың бірі. Алайда кей ханшайымдар жасалу жолын немесе рецептін білмеуі мүмкін. Осындайда мына мәзірлерді пайдалануға болады.


Асқабақтан котлет жасап көрдіңіз бе?

Асқабақ пен фарштан дайындалған котлет


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. фарш
  • 100 гр. асқабақ
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 2 ас қасық ұнтақталған нан
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 пакет тары
  • Дәмдеуіштер

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен тарыны тұзды суға салып қайнатып аламыз. Содан соң сарымсақ пен пиязды майда үккіштен өткізіп, фаршпен араластыру керек. Асқабақты да дәл солай үккіштен өткізіп, фаршқа қосамыз.
  2. Осы араласпаға енді жұмыртқа мен қаймақты, дәмдеуіштерді саламыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
  3. Фаршқа ең соңында ұнтақ нанды қосып, қалауымызша котлеттер жасап шығамыз.
  4. Дайын котлеттерді қыздырылған майға салып, пісіріп ала береміз. Ал, пісіп шыққан котлеттерді тарыға аунатуды ұмытпау керек. Сонда котлеттің дәмі кіре түседі.


Сүт пен асқабақ котлеті


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. сиыр етінен дайындалған фарш
  • 500 гр. асқабақ
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 тілім нан
  • 150 мл сүт
  • 2 тіс сарымсақ
  • 0,5 шай қасық тұз
  • 2 шым-шым бұрыш
  • 1 ас қасық ұн
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Асқабақтың қабығын аршып, ұсақ үккіштен өткіземіз.
  2. Содан соң асқабақ пен фаршты араластырамыз. Асқабақ пен фаршты 1:1 көлемінде алуға болады.
  3. Нанды сүтке салып, 5 минут қоямыз.
  4. Фаршқа тұз, бұрыш, жұмыртқа мен жібітілген нанды салып, жақсылап араластыру қажет.
  5. Ал, пияз бен сарымсақты аршып, үккіштен өткізіп, фаршқа қосамыз.
  6. Фаршты барлық қоспаларын қосып болған соң, қолмен барынша араластырыңыз. Сонда біркелкі қалыпқа келеді.
  7. Дайын фарштан енді котлеттер жасаймыз. Ол үшін қолыңызды сулап, тез-тез фарш жасайсыз.
  8. Майды табаға құйып, қыздырып, котлеттердің екі жағын бірдей қызарғанша пісіреміз.
  9. Жалпы котлетті картоп езбесімен, көкөністерден жасалған гарнирмен ұсынуға болады.


Тауық еті қосылған классикалық котлет

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. тауық еті
  • 1 дана пияз
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 150 гр. ақ нан
  • 50 мл. сүт
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады.
  • 1 дана жұмыртқа
  • Өсімдік майы.

Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен нанның сыртқы бөлігін кесіп алып тастап, сүтке жібітіп қою керек.

Пияз бен сарымсақты аршып, 4 бөлікке бөліңіз.

Тауық етін ірілеп тураңыз.

Содан соң тауық етін, пияз бен сарымсақты еттартқыштан өткіземіз.

Қалауыңызша тұз, бұрыш қосып, жұмыртқаны салып, барлығын араластырыңыз.

Кейін фарштан әдемі котлеттер жасайсыз.

Табаға майды құйып, қызған соң котлеттерді саламыз. Орташа отта бір бетін 5 минуттай пісіреміз. Сонда котлеттер қып-қызыл болып піседі.

Осылайша барлық котлеттерді қуырып шығамыз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Халықаралық Сорпа күніне – дәмді СОРПА мәзірі


Тауық етін маринадтаудың қанша түрін білесіз?


Оп-оңай жасалатын манты