​Күнжітке аунатылған балық жеп көрдіңіз бе?

0
3 239

Бұл ерекше тағамды үй жағдайында дайындау өте оңай әрі тез. Әрбір әйелдің балықты осылайша пісіру әдісін үйреніп алғаны дұрыс.


​Күнжітке аунатылған балық жеп көрдіңіз бе?

фото: syl.ru

Күнжітке аунатылған балықтың дәмі ерекше болады. Бір қарағанда қарапайым қуырылған балықтан айырмашылығы жоқ деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ күнжіт балыққа өте жағымды жаңғақ дәмін береді. Ал, мұндай балықты дайын болғаннан кейін көрсеңіз, жемей тұра алмайсыз. Ендеше барлық керекті қоспаларды дайындап, балық ерекше етіп қуырудің әдісін үйренейік.

фото: cgotovim.ru

Қажетті өнімдер:

  • 6-7 қасық ұнтақталған нан
  • 2-3 ас қасық ұн
  • Тұз, бұрыш
  • 1 дана жұмыртқа
  • 3-4 ас қасық зәйтүн майы
  • 2-3 ас қасық сары май
  • 3-4 ас қасық күнжіт
  • 400 гр. балық.

Дайындалу тәсілі:

  1. Үш табақ дайындаймыз.
  2. 1-ші табаққа – ұн, тұз, бұрышты саламыз.
  3. 2-табаққа – жұмыртқа мен сүтті құйып, араластырамыз.
  4. 3-ші табаққа ұнтақталған нан мен күнжітті салу керек.
  5. Содан соң балықты тазалап, бірнеше бөлікке бөліп дайындап қоямыз.
  6. Табаға май құйып, сары май мен зәйтүн майын құйып, қыздырған дұрыс.
  7. Енді балықты бірінші табаққа салып, артынша екіншісіне, сосын үшінші табақтағы ұнтақталған нан мен күнжіт араласпасына аунатып аламыз.
  8. Осылайша аунатылған балықтарды қызып тұрған майға қуырып ала беруге болады.
  9. Балықтың екі жағын да 5-7 минуттан қызарғанша қуыру керек. Ал, дайын балықты салат жапырағы салынған тәрелкеге әсемдеп салып, дастарханға ұсына беруге болады.
  10. Сонда өте дәмді әрі хош иісті балық та дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ