Қуырмай-ақ пісіріңіз - ТҮСКІ және КЕШКІ ас

0
4 657

Дәмді әрі тойымды пісірмелерді өз қолыңмен дайындаған дұрыс. Табиғи өнімдерді пайдаланып, үй жағдайында жасалатын тағам тәбетті ашып, үйдің берекесін кіргізері сөзсіз. Әсіресе мұндай пісірмелер ауызашар уақытқа дайындалса, асқазанға ауырлық түсіре қоймайды.


Қуырмай-ақ пісіріңіз - ТҮСКІ және КЕШКІ ас

Фарш қосылған дәмді пісірме



Қажетті өнімдер:

  • 1,2 кг ет
  • 1 келі картоп
  • 2 дана пияз
  • 250 гр. ірімшік
  • 50 гр. майонез
  • Тұз, бұрыш
  • Табаға жағу үшін өсімдік майы.

Дайындалуы:

  1. Еттің қалыңдығын 1см шығатындай етіп кесеміз. Сосын үстелдің үстіне қойып, екі жағына бірдей дәмдеуіш, тұз, бұрыш себелеп қоямыз.
  2. Картоптарды да аршып, жұқалап әрі дөңгелектеп тураймыз.
  3. Пиязды да дөңгелектеп тураау қажет.
  4. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
  5. Енді форманы майлап, ең алдымен етті, сосын картопты салып, тұз себелейміз, майонез жағамыз. Ең бетіне пиязды себелеуді ұмытпаймыз.
  6. Пешті 200 градусқа қыздырып, 40 минут пеште ұстаймыз.
  7. Осы уақыт өткеннен кейін ірімшікті пісірменің бетіне себелеп, қайтадан пешке саламыз. 10 минуттан соң пісірме де дайын болады.


Тауық еті мен күріштен дайындалған тағам


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. тауық еті
  • 150 гр. күріш
  • азырақ ұн
  • 100 гр. ірімшік
  • 120 мл су
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 1 шай қасық қызыл бұрыш (паприка)

Дайындалуы:

  1. Тауық етін ірі етіп тураймыз.
  2. Күрішті тұзды суға салып, 10 минуттай қайнатамыз. Кейіннен күрішті дуршлагқа салып суын сорғытамыз. Күрішті слақын суға жумауға да болады.
  3. Содан соң күріш пен тауық етін формаға салып араластырыңыз.
  4. Енді соусын дайындап алайық. Ол үшін қаймақ, паприка, тұз, бұрыш және ұнды араластырамыз.
  5. Осы тұздыққа қайнаған суды құйып, жақсылап араластыру керек. Сонда ешқандай іртік қалмауы тиіс.
  6. Қаймақ пен су басқа да дәмдеуіштер араласқан тұздықты енді формаға құямыз. Бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз.
  7. Пешті 200 градусқа дейін қыздырып, пешке форманы саламыз. Бетіне фольга қағазын жабуға немесе қақпағын пайдалануға болады. Кейіннен фольганы ашып тағы да 15-20 минуттай пісіреміз. Сонда пісірмеміз де дайын болады.


Гүлді қырыққабат пен тауық еті қосылған пісірме


Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Қажетті өнімдер:

  • 600 гр. гүлді қырыққабат
  • 300 гр. тауық еті
  • 200 гр. ірімшік
  • 2 тіс сарымсақ
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 стақан кілегей
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш салынады.

Дайындалуы:

  1. Гүлді қырыққабатты бірнеше бөлікке бөлеміз.
  2. Сосын тұзды қайнаған суға салып, 3 минут қайнатамыз. Дуршлагқа салып, суын сорғытамыз. Артынша май жағылған формаға жайып саламыз.
  3. Табаққа жұмыртқаны салып, кілегеймен, тұз, бұрышпен араластырамыз. Тауық етін ұзыншалап турап, өсімдік майына сәл ғана қызарғанша қуырамыз. Тұз, бұрыш қосу керек.
  4. Сосын қуырылған тауық етін формадағы қырыққабаттың бетіне саламыз. Соңында ірімшікті үккіштен өткіземіз.
  5. Үккіштен өткізілген ірімшікті кілегей мен жұмыртқа араласпасына салып, майдалап туралған сарымсақты қосамыз. Барлығын біркелкі болғанша араластырамыз. Дайын тұздықты тауықтың бетіне құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште 35 минут пісіреміз.
  6. Гүлді қырыққабат пен тауық еті қосылған пісірме де дайын болды. Дастарханға ұсына беруге болады.


Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ