​Қуырылған картоп: Жаңа рецепт

0
9 315


​Қуырылған картоп: Жаңа рецепт

Қуырылған картоп өте дәмді тағамдардың бірі. Оны ересектер де, балалар да сүйіп жейді. Алайда тағамның дәмді болуы үшін картоптың қалай қуырылғаны, қоспалары өте маңызды екенін ұмытпайық.

Картоп қуырмасы өте тез дайындалады. Әзірлеу әдісін біліп, дәмді тағамды дастарханға қойғанша асығыңыз.


Картоп пен көк пияз

Қажетті өнімдер:

  • 5 дана картоп
  • 1 дана пияз
  • 1 құты килька
  • 35-45 гр. өсімдік майы
  • 1 тал көк пияз
  • Дәміне қарай тұз, ірі қара бұрыш
  • Сары май.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен картоп пен пияздың қабығын аршып, картопты орташа қалыпта текшелеп тураймыз.
  2. Сосын табаны отқа қойып, өсімдік майын құямыз. Май қызған соң картопты салып, біркелкі етіп жаямыз. Алғашқы минуттарда картопты қозғамаймыз. Астыңғы жағы қызара бастағанға дейін тиіспейміз.
  3. Пиязды да текшелеп турап, картопқа қосамыз. Тұз қосамыз.
  4. Сосын ірі қара бұрышты пышақпен езіп, осы қуырманың бетіне себелейміз. ЕНді тағамның дәмін көріп, барлығын араластыру керек.
  5. Кильканы ашып, туралған көк пиязбен қосып, қуырмаға себелеп саламыз. Дайын тағамның бетіне сары майды салып, дастарханға ұсына беруге болады.


Қаймақ пен саңырауқұлақ қосып қуырылған картоп



Қажетті өнімдер:

  • 1 кг картоп
  • 500 гр. саңырауқұлақ
  • 1 дана пияз
  • 150 гр. қаймақ
  • Жарты бума көк пияз
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.
  • Өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаға 2-3 ас қасық өсімдік майын құйып, алдымен жіңішкелеп туралған пиязды қуыру керек.
  2. Пияз жұмсарған соң жұқалап туралған саңырауқұлақты саламыз. Қып-қызыл қылып қуырып, тұз, бұрыш қосамыз. Дайын болуға бірер минут қалғанда қаймақты саламыз.
  3. Басқа табаға өсімдік майын құйып, қызған соң туралған картопты саламыз. 5 минуттай қозғамай қоя тұрамыз. Сосын картоптың екінші бетін аударамыз. Осылайша картопты бірнеше рет аударыстырып, қуырамыз.
  4. Дайын болайын дегенде тұз, бұрыш қосып, араластыру керек.
  5. Содан соң қуырылған пияз бен саңырауқұлақты саламыз. Сонымен қатар, майдалап туралған аскөкті салып, қақпағын жабамыз да 5 минут бұқтырамыз. Тағам да дайын болды.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ең ТОЙЫМДЫ таңғы ас: жұмыртқа мен лаваштан ДӘМДІ рецепт



Ораманың ҮЙДЕ ПІСІРЕТІН 4 түрлі РЕЦЕПТІ


Тараздық келін қанша табыс табатынын айтты