​Квас дайындаудың ең тиімді 3 әдісі

0
3 364

Квас – жаз мезгіліне арналған өте керемет сусындардың бірі. Егер өз рационыңызды өзгертіп, дәмді әрі ерекше сусын қосқыңыз келсе, үй жағдайында жидектерден квас дайындауға болады.


​Квас дайындаудың ең тиімді 3 әдісі

Мұндай квасты дайындау үшін кез келген жидекті пайдалана аласыз. Ең бастысы дәмдері үйлесетіндерін таңдасаңыз болғаны.


Құлпынайдан дайындалған квас

Қажетті қоспалар:

  • 4 тал жалбыз
  • 400 гр. жидек
  • ½ дана лимон
  • 150 гр. қант
  • ½ шай қасық ашытқы
  • 100 гр. мейіз
  • 3 л су.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен құлпынайды жуып аласыз.
  2. Кастрөлге су құйып, лимон қабығы мен жалбызды саласыз. Отқа қойып, су қайнағаннан кейін 5 минут қайнатуды жалғастыру керек.
  3. Содан соң жидекті салып, су қайнаған су отты басасыз. Осылайша жидек қосылған сусынды тағы да 15-20 минуттай қайнатасыз.
  4. Енді кастрөлдің қақпағын жауып, оттан аламыз.
  5. Қайнатпа жылыған кезде қант қосып, жақсылап араластырасыз. Азырақ бал қосуға да болады.
  6. Осы араласпаны енді банкаға құйып, ашытқыны салады. Осылайша дайындалған сусынды 1 тәулік бойы ашытасыз. Сыртынан матамен орап, бөлме температурасында ұстайсыз.
  7. Дайын квасты сүзіп алып, мейіз қосыңыз да, қақпағын жауып, тағы да қойып қою керек. Жаз мезгілінде квас 8-12 сағатта дайын болады. Егер квастың бетінде көпіршіктер пайда болса, онда дайын деген сөз. Дайын сусынды тоңазытқышта сақтайсыз. Үш күнге дейін жарамды.


Таңқурай сусыны


Қажетті қоспалар:

  • 2 кг таңқурай
  • 8 л су
  • 1 кг қант
  • 200 мл лимон шырыны
  • 10-20 гр. ашытқы
  • 1 уыс мейіз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Таңқурайды езіп, қайнаған су құямыз. Қант қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. 12 сағат жылы жерге қойып, қақпағын жауып қою керек.
  2. Содан соң тұнбаны сүзіп алып, ашытқы саламыз. Жаңа сығылған лимон шырынын қосып, мейізді салып, тағы да 16 сағатқа қалдырамыз. Осы уақыт аралығында сусынның бетінде көпіршіктер пайда болады. Тағы бір рет сүзіп жіберіп, банкаға құйып, салқын жерге қоямыз. 1 тәуліктен кейін квасымыз да дайын болады. саламыз.


Мүкжидек қосылған квас мәзірі


Қажетті қоспалар:

  • 1 кг мүкжидек
  • 1 кг қант
  • 10 л су
  • 30 гр. ашытқы
  • 1 уыс мейіз

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен мүкжидекті жуып, қант қосып, ашытқыны салып, қайнаған жылы су құю керек.
  2. Барлығын жақсылап араластырып, 10-12 сағат жылы жерде тұндырамыз. Содан соң сүзіп алып, ыдыстарға құйып, әрқайсысына 2-3 дана мейізден салып шығу керек. Қақпағын жауып, 8-10 сағат жылы жерге қоямыз. Дайын квасты тоңазытқышта 5 күннен артық сақтауға болмайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қолдан дайындалатын НУТЕЛЛАНЫҢ 7 түрлі рецепті


15 минутта дайын болатын ЕҢ ДӘМДІ салат (видео)