​Нәрестенің шілде суын сақтап қойыңыз

0
19 648

Шілде суының не екенін бәріңіз де білетін боларсыз. Бірақ оны кәдеге жарататындар тым аз. Мақаламды бастамас бұрын алдымен шілде суының не екеніне анықтама берейік. Кей аймақтарда шілде суын "шарана суы" деп те атайды.


​Нәрестенің шілде суын сақтап қойыңыз

Шілде суының не екенін бәріңіз де білетін боларсыз. Бірақ оны кәдеге жарататындар тым аз. Мақаламды бастамас бұрын алдымен шілде суының не екеніне анықтама берейік.

Кей аймақтарда шілде суын "шарана суы" деп те атайды. Ұлттық салтымызда шарана шайқау дәстүрі де бар. Шарана шайқау салтында жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты асыл бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынаншайқап жуып тазартады. Баланы шомылдыратын суға әжейлердің берген асылдарын салады, ал оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Міне, осыны «шарана шайқау» салты деп атайды.

Нәресте туылған соң оны кейбіреулер кіндігі түскенше, кейбіреулер кіндігі түспей-ақ шомылдыруды бастайды. Нәрестені алғашқы шомылдырған суды беті мықтап жабылатын ыдысқа құйып қойыңыз. Оның аллергиялық жаралар мен тері ауруларын емдейтін қасиеті бар.

Бірде үлкен абысынымның ұлының денесін түгел жара басып кетті. Дәрігерлер тексеріп, бірі псориаз десе, енді бірі қандай да бір аллергиялық жара деп анықтама берді. Содан мамандардың жазып берген дәрілерін ішіп, мазьді үзбей жағып жүрді. Шатаспасам бір айға жуық ем қабылдады. Ем кезінде жаралары жазылғандай болғанымен ем тоқтаған соң қайта бастады. Жара қышып мазаламаса да көзге ерсі көрінеді. Кішкентай бала бақшаға бармаймын, достарым мазақтайды деп азар да, безер. Дәрігерлер дертке дауа бола алмаған соң абысыным амалсыздан баласын ертіп емші-тәуіптерді жағалады. Олар да жараны жазбаймыз деген жоқ. Емнің ұзақ уақыт жүретінін, өз қолдарымен емдік шөптерден дайындаған мазьді жеті күн үзбей жағасыз, сосын бір жума үзіліс жасап, емді қайта жалғастырамыз. Осылайша 6-7 айда жараңыз төгіліп, тіпті ізі де қалмайды деп сендірді. Баласының болашағын ойлаған абысыным оған да көнді. Емшілердің берген емін үзбей жүргізіп жүріп уақыттың қалай өткенін де байқамай қалдық. Арадан 6 ай зулап өте шықты. Бірақ жараның жазылатын түрі жоқ. Одан да күдер үзіп, уақыттың еншісіне салдық.

Бір күні сарайды тазалап жүріп, су құйылған бөтелкені тауып алдық. Қарасақ кәдімгі қара су. Бір-біріміздің қандай су екенін сұрап қоямыз. Немерелерін ойнатып жүрген енем оның балалардың шілде суы екенін айтты. Мұны естіген абысынымның көзінде бір үміт пайда болды. Дереу бөтелкені алып, баласының денесін сол сумен сүртіп щықты. Күнде баласын кір сабынмен шомылдырып алып, осы сумен тегіс сүртеді. Бұл емді үзбей бір апта жасады. Сізге өтірік, маған шын бір аптадан соң денесіндегі жара төгіліп, қазір тек іздері ғана қалды. Балақайдың да қуанышында шек жоқ. Достарына қосылып, асыр салып ойнап жүр. Ал абысынымның үстінен аур жүк түскендей болды.

Міне, көзіміз куә болған соң өзгелерге де керек болар деген оймен баспа бетінде бөлісіп отырмыз. Ешқашан нәрестенің шілде суын төгіп тастамаңыздар. Беті жабылатын ыдысқа құйып қойып, шетке қойсаңыз болғаны. Күндердің күнінде бір қажетіңізге жарамасына кім кепіл?!

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ