Шашты ОТқа тастау ДҰРЫС ЕМЕС

0
1 209

Бұл ырымға МӘН БЕРЕСІЗ БЕ?


Шашты ОТқа тастау ДҰРЫС ЕМЕС

фото: mail.kz

Қазір көптеген әйелдер шашын сәндеп қидыру үшін сұлулық салондарына барады.

Бірақ қиылған шаш бөліктері қайда кетіп жатыр? Оны сұрастырып жатудың өзі де ұят секілді. Өйткені ескі дәстүрді ұстанып жүргендер және түбіне үңіліп, мұның астарында не жатыр оны да білуге құмартып тұрған қыз-келіншектерді байқамайтынымыз өкінішті.

Шындығында қиылған шаш тұрмақ, шашын жай ғана тарамай, астына орамалын төсеп тарайтын, сонда түскен шаштың бір қылын да тастамай жинап, оны адам аяғы баспайтын жерге көметін әжелеріміздің ұстанымы бүгінде қайда кеткен?!


Дәстүрге салсақ та, шариғатқа бағынсақ та түбінде бір дүние жатыр. Шашты кез-келген жерге тастамау, әсіресе отқа тастамау, аяқ асты етпеу ырымының текке шықпағанын сіз де біле жүріңіз!

Әйел өзінің қиған немесе түскен шаштарын отқа тастауы дұрыс емес. Ырым бойынша, ол өлгеннен кейін о дүниеде Құдай: «Менің берген шаштарым қайда?» деп сұрауы мүмкін. Сондықтан әйелдер мұндай шашты адам баспайтын жерге көміп тастайды.

«Баяғыда Аллаһ елшісі өзінің Пайғамбар болатынын білмегенінде, соңынан үнемі ақ елес еріп жүретін көрінеді. Ол одан қорқып, бұл қандай құбылыс екенін түсінбепті. Содан өзін мазалаған жайт жайында әйеліне айтқанда:

– Ол тағы келсе, мені шақыра ғой. Сол кезде шашымды жайып жіберейін. Егер қашып кетсе – періште, қашпаса – шайтан болғаны, – депті. Содан ертесіне дәл солай жасағанында әлгі ақ елес қашып кеткен екен. Осыдан соң, шашты көрсетпей, орамал тағып жүру керек, – дегенді дінтанушылар жиі айтады.

фото: elana.kz

Шынымен де, бұрын қалың бұрымды тарқатып жүрсең «албастыдай болмай» деген жағымсыз теңеу айтылып, «Шашыңды жина!» деп үлкендер жекіп тастайтын еді. Шашты қандай жағдайда жаю қажеттігін бәрі біледі. Дей тұрғанмен оны ешкім байыбына барып, елемейді. Мұның барлығын заман ағымына аудара салатыны қынжылтады.

Сонымен қатар егде тартқан әйел бала емізгенде жалаң бас отырмауы керектігін де ара-тұра айтады. Қазақ ырымында шайтан әйелдің шаштағы кірін бала қоректенетін сүтке араластырып жібереді-мыс. Осыдан баланың жаны кірленіп, бойына жамандық ұялайды. Есейгенде мәңгүрт, безбен, тілазар болады деп сенеді. Сондықтан үлкендер келіннің бала емізгенде де шашын жауып отыруына аса қатты мән берген.


Балаңның шашын ала-құла етпей, дұрыстап ал

Баланың шашын ала-құла алуға тыйым салынған. Мұсылмандық салт бойынша нәресте туылғаннан біраз уақыт өткен соң шашын алып, сол шаштың салмағындай күміс мөлшерінде садақа беру керек. Бұл амалдың екі түрлі пайдасы бар. Біріншісі – денсаулық пайдасы, яғни шаш алу нәрестенің құйқасының, жалпы ағзасының күшеюіне әсер етеді. Екіншісі, әлеуметтік пайдасы, оның шашының салмағындай садақа беру мұсылман қоғамындағы әлеуметтік ынтымақты нығайтады.

Шаш алу мәселесінде шаштың бір бөлігін алып, бір бөлігін қалдыру, кекіл, тұлым қою сияқты мәселелер туындайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашты ала-құла алуға қатаң тыйым салған. Сонымен қатар, шашты бей-берекет далаға шашпау, аяқ асты етпеу де халық ғұрпында мұқият сақталған. Әйел кісілердіңде тарақтан түскен шаштарын жинап, жерге көміп отырған немесе өртеген. Сондықтан шаш алудың да, оны тастай салмаудың да астарында үлкен тәрбиелік мән жатыр.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Отқа шақыру» келінді СЫНАЙТЫН ДӘСТҮР ме?


Есік сыртына ТҰЗ ІЛІП ҚОЮ қандай ырым?