​Түнде тырнақ алса «жаман» бола ма?

0
14 141

«Тырнақ лас мүше, оны алып тастасаң да өсуін тоқтатпайды, алда-жалда тамақпен араласып адам ішіне кетіп қалса өсе береді де кісіні ауру қылады» деп түсіндіретін. Бізге де түнде, тіпті күн батып бара жатқанда тырнақ алуға тыйым салатын.


​Түнде тырнақ алса «жаман» бола ма?

Қазақ атам ұрпағын ұрып тәрбиелемеген, баланың санасына ырым мен тыйымдар арқылы тәлімді сіңірген. Кез келген жаман әдеттен ырым арқылы тыйып отырған. Тіпті, кейбір істерде болашағын да болжаған.

Әжем шашын тарағанда үлкен ақ жаулығын жайып соның үстіне тарайтын да түскен шаштарының бір талын да қалдырмай жинап алып түйіп қоятын еді. "Кейін өлгенімде шашымды өзіммен бірге көміңдер, шаш адамның Алла тағалла берген дене мүшесіне жатады, онда барғанымда түгендейді" дейтін. Ал тырнағын алғанда майдалап қамыспен бірге турап көміп тастаушы еді. Мұның себебін «Тырнақ лас мүше, оны алып тастасаң да өсуін тоқтатпайды, алда-жалда тамақпен араласып адам ішіне кетіп қалса өсе береді де кісіні ауру қылады» деп түсіндіретін. Бізге де түнде, тіпті күн батып бара жатқанда тырнақ алуға тыйым салатын.

Негізінде о дүниелік болған адамның тырнағын түнде алады екен. Сондықтан тірі адам түнде тырнақ алмайды деп ырымдайды.

Тырнақ алу – адам табиғатындағы негізгі қажеттіліктердің бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны тазалыққа қатысты бес сүннеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Шамадан тыс өсіп кеткен тырнақ микробтардың жиналатын ошағы. Сондықтан, деннің саулығы, гигиена тұрғысынан әрі дәрет және ғұсыл дұрыс орындалу үшін тырнақтардың астының таза болуы қажет.

Шариғат бойынша тек қана қажылық және ұмра құлшылығын өтеу барысында ихрам киіп жүрген кезде тырнақ алуға болмайды. Үлкендеріміздің «түнде тырнақ алма, жаман болады» деуі – бұрынғы кездері жарықтандырудың болмауына байланысты айтылған тыйым. Өйткені бабалырымыз тазалыққа ерекше мән берген. Ал түнде алынған тырнақтың әр жаққа ұшып, тіпті ішетін тамаққа да түсіп кетуі бек мүмкін. Сонымен қатар, тырнақ аламын деп жүріп, қолды жарақаттап алу да ғажап емес.

Ал Айша анамыздан келген бір риуаятта: «Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды» делінген. Шынында да адамда артық болып саналатын керексіз затты тез әрі күндіз жасаған абзал. Бұл сіздің деніңіздің саулығына да кепіл береді.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ