Ағзаны тазартатын ең керемет 7 азық

0
4 932

Ағза да "ластанады". Ластанғанда да, қан тамырлары, ішектер артық шлактарға толып, тазартуды қажет ететін кезі келеді. Мұндайда ең тиімдісі - табиғи азық-түліктермен ағзаны тазартып алу. Олардың да кез келгені емес, арасында айрықша қасиеті бар төмендегідей азықтарды пайдалана аласыз.


Ағзаны тазартатын ең керемет 7 азық

Ағза да "ластанады". Ластанғанда да, қан тамырлары, ішектер артық шлактарға толып, тазартуды қажет ететін кезі келеді. Мұндайда ең тиімдісі - табиғи азық-түліктермен ағзаны тазартып алу. Олардың да кез келгені емес, арасында айрықша қасиеті бар төмендегідей азықтарды пайдалана аласыз.

Қызыл қызылша

Қызылша ағзаны тазартатын көкөністердің бірі де бірегейі. Оның құрамында жасұнық, фосфор, мыс, С дәрумені, ішектегі бактерияларды жоятын органикалық қышқылдар бар. Сонымен қатар, токсиндерді шығаратын«бетаин» заты да жеткілікті деуге болады. Оның үстіне қызылша ағзаны жасартып, тырнақ пен шаштың, терінің жағдайын жақсартатын қасиетке ие. Қызылшаны қайнатып, борщ жасап немесе тұнба ретінде және шырынын сығып ішу керек.

Ақбас қырыққабат

Ақбас қырыққабат ауыр металдар мен токсиндерді шығаруға көмектесетін тағамдық талшықтарға бай. Сондай-ақ, бұл қырыққабаттан органикалық қышқылдар мен асқорытуды қалыпқа келтіретін басқа да пайдалы заттарды табуға болады. Ақбас қырыққабаттың пайдалы қасиеті мұнымен бітпейді. Оның кұрамында өте сирек кездесетін U дәрумені бар. Ол зиянды химиялық заттардың бұл қасиетін жойып, дәрумендердің синтезделуіне, жараларды жазуға қатысады екен. Ем үшін ақбас қырыққабаттың балғын, ашытылған түрлерін және шырынын пайдалану керек.

Сарымсақ

Бір тіс сарымсақтың өзі 400-дей пайдалы заттардан тұрады. Бұл заттар ағзадағы зиянды холестериндерді шығарып, көктамырларды тазартатын қасиетке ие. Сонымен қатар, туберкулез таяқшасын, асқазан жарасына себепші болатын бактерияларды жоятын да жағымды әсерлері көп. Сарымсақ, бұдан бөлек, ішекқұрттарды шығаратынын білесіз бе? Олай болса, күніне бір тіс сарымсақ жеуді қолға алыңыз.

Пияз

Бұл көкөністің байлығы құрамындағы фитонцидтерде жатыр. Фитонцидтер негізінен эфир майларының құрамынан табылады. Бұлзаттардың бірнеше секунд ішінде көптеген бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Сонымен бірге, пияз, асқорытуды жақсартып, нәрлі заттардың сіңуіне көмектеседі. Тіпті, тәбетті ашатын да жағымды әсері барын айта кету керек. Ал, оның құрамындағы көп мөлшердегі күкірт ағзадағы барлық зиянды заттарды өлтіреді. Сондықтан да пиязды күнделікті салатқа қосып жеген пайдалы.

Алма

Алманың құрамы өте пайдалы заттарға бай екенін білеміз. Оның бойындағы пектин мен жасұнық барлық асқорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, токсиндер мен шлактарды түсіреді екен. Алманың да тәбетті ашатын қасиеті бар. Іш қатып, мазаны алған жағдайда алма жеген пайдалы. Ол іштегі желді aйдап шығарады. Алманы балғын күйінде жеген дұрыс. Сондай-ақ, шырынын сығып, үккіштен өткізіп, ботқа жасап жегеннің де пайдасы зор.

Авокадо

Ғалымдар оның бойында ең керемет зат «глютатионның» бар екенін айтуда. Бұл зат 40 түрлі қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттектерді жояды. Авокадо қанның құрамындағы зиянды холестеринді шығарып, асқорытуды жақсартады екен. Бұдан бөлек, тіндерді оттегімен қамтамасыз ететінін де ұмытпау керек.

Мүкжидек

Мүкжидек - ең мықты табиғи антибиотиктердің бірі. Сондай-ақ, вирустарға қарсы күресе алатын күші де жоқ емес. Мүкжидектің құрамындағы осындай пайдалы заттар әсіресе қуық қалбыршағын тазартып, несеп шығару жолындағы бактерияларды өлтіреді. Сонымен қатар, бұл жеміс қатерлі ісікке бейім жасушалармен күресетін қасиетке ие. Мүкжидектен морс жасап, шырынын ішкен пайдалы. Тосап қайнатуға да әбден болады.