2020 жылы АЛТЫ КАМЕРАЛЫ СМАРТФОНДАР шығады

0
5 241

Смартфон өндірушілер тұтынушылар үшін көптеген тосын сыйлар дайындап жатыр.


2020 жылы АЛТЫ КАМЕРАЛЫ СМАРТФОНДАР шығады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

5G мобильді интернет инфрақұрылымының қарқынды дамуын ескерген смартфон өндірушілер бір-бірінен қалғысы келмей, керемет дүниелер жасап жатыр. Тиісінше келесі жыл көптеген ерекше жаңалықтарға толы болмақ.


1. Samsung Galaxy Fold

Бұл – Samsung Galaxy брендінің жанкүйерлері ұзақ күткен икемді смартфон. Гаджет Infinity Flex атты 4,6 дюймдік дисплей мен 7,3 дюймдік үлкен панельмен жабдықталған және алты ішкі және сыртқы камералары болады. Сондай-ақ, оның кіріктірілген жады 512 Гбайт, ал жедел сақтау жады (ОЗУ) 12 Гбайт екенін ескерсек, смартфон үлкен сұранысқа ие болады.


2. Huawei Mate X

Ал, мына смартфон 8 дюймдік дисплейі, бірегей функционалдық мүмкіндіктері, 5G желісін қолдайтындығы және үш фотокамерасымен ерекшеленеді. Тиісінше, IT сарапшылар смартфонның сыртқы көрінісіне ғана емес, пайдаланушылар үшін барынша қолайлылығын да жоғары бағалаған.

Huawei компаниясының атқарушы директоры Юй Чэндунның айтуынша, олар 2020 жылы нарықтағы табыс бойынша бірінші орынға таласпақ.


3. Galaxy S10+

Samsung компаниясы ультримативті смартфондар – артқы жағында үш камерасы бар Galaxy S10 және Galaxy S10+ нұсқаларын шығарады. Олардың ішкі жадының көлемі үлгілеріне байланысты 128 Гбайттан – 1 ТБайтқа дейін болады. Сондай-ақ бұл смартфондардың ең басты ерекшелігі – Samsung Wireless Power Share функциясын пайдалана отырып, басқа мобильді құрылғыларды қуаттай алатындығы. Оған қоса, бір суретті үш түрлі етіп түсіретін екі селфи-камерамен жабдықталады.


4. LG G8 ThinQ5

LG G8 ThinQ қараңғы болғанның өзінде сапалы сурет түсіре алатын және қолдың суреті бойынша қожайынды тануға қабілетті камерасымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бұл смартфонда динамиктер жоқ, ал дыбыс OLED-экран арқылы естіледі.


5. Nokia 9 PureView

Nokia компаниясының жаңа үлгісі бес линзасы бар және жарықты 10 есе көп ұстайтын камерамен, 5,99 дюймдік дисплеймен, Snapdragon 845 процессоры және Android 9.0 Pie операциялық жүйесінің «оригинал» нұсқасымен жабдықталған.


6. Sony Xperia 1

Ал, мына үлкен экранды смартфон видео көру үшін арнайы жасалған және ауқымды дисплейінде бір уақытта екі бағдарламаны пайдалануға болады. Өндірушілер сәнді, ыңғайлы және қуаты гаджет тұтынушыларға ұнайды деп жоспарлап отыр.



7. ZTE Axon 10 Pro

ZTE Axon 10 Pro өте сапалы түсіретін үш камерасы және көптеген қызметтерді атқара алтындығымен ерекшеленеді.


8. OnePlus 7

Бұл смартфонның ерекшелігі ретінде корпустың ішінен шығатын алдыңғы камерасын және барынша шаң мен су кірмейтін етіп жасалғанын айтуға болады. Одан бөлек, гаджет 5G желісін қолдайды.


9. Note 10

Note 10-ның техникалық сипаттамаларына тоқталсақ, бұл гаджет Snapdragon 855 немесе Exynos 9825 процессорымен жабдықталады, жедел жады – 12 Гб, жалпы жады – 1 Тб және батареясының қуаты – 4170 мАч болады. Тиісінше, аталған компания өнімдерінің арасындағы ең үздігі атанбақ.


10. Huawei p 30 pro

P30 Pro – ерекше түстерге боялған корпусымен, үлкен көлемді жедел жадының арқасында ашық тұрған бағдарламаларға оңай ауыса алатындығымен көптеген тұтынушылардың сұранысына ие болмақ.


11. IРhone 2020

2020 жылы Apple компаниясы үш смартфон шығарады, оның екеуі Qualcomm компаниясынан 5G желісін қолдайтын смартфон болып өндіріледі. Ал «алма» компаниясына тиесілі бір смартфон LTE желісімен жабдықталады.


12. Huawei Mate X

Ал Huawei компаниясы болса, дисплейі сыртында тұратын, ашылмалы-жабылмалы Mate X смартфонының тұсаукесерін өткізеді.



Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ



Тағы оқыңыз:


Мына құрылғылар үйдің ішін ӨЗДЕРІ-АҚ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ете алады


Асүйдің ҚИЫН шаруасын Сіз үшін ІСТЕП БЕРЕТІНДЕР бар