Әйелдер күніне ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ жасаған дұрыс? Ерлерге кеңес!

0
7 104

8 наурызда анаңызға, әпке-қарындасыңызға немесе сүйіктіңізге сыйлық жасау сіздің оларға деген қамқорлығыңызды көрсетеді.


Әйелдер күніне ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ жасаған дұрыс? Ерлерге кеңес!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әне-міне дегенше көктемнің алғашқы мерекесі – «халықаралық әйелдер күні» келіп жетеді. Ол күні кез келген қыз-келіншек ерлер қауымынан сыйлық күтетіні анық. Ал, нәзікжандыларды қуанту ерлердің қолында екенін ұмытпаған жөн. Егер, сіз әлі күнге дейін қандай сылық жасауға болатынын ойланып жүрсеңіз, осы кеңестердің көмегі тиюі әбден мүмкін.


Қымбат смартфон

Премиум өндірушілердің флагмандық смартфоны – бұл беделді және көпфункционалды құрылғы. Әрине, мұндай сыйлық қымбатқа түседі, бірақ екінші жағынан, бұл гаджеттер иесіне ұзақ уақыт бойы мүлтіксіз қызмет етеді. Samsung және Apple компанияларының премиум смартфондары, әдетте, көлемі ауқымды жад, сапалы бөлшектер және мықты фотокамералармен жабдықталады. Олар кез келген ортада бірден көзге түсіп, бағасы қымбат әрі жұмысы сапалы екенін аңғартып тұрады. Сондай-ақ, олардың тартымдылығы түсіне де байланысты. Мысалы, iPhone 11 және 12 смартфондарының жалбыз түстес түрлері немесе Samsung-тың флагмандық ақ және алтын түсті үлгілері.


Бағасы қолжетімді смартфон

Sumsung, Xiaomi, Honor, Huawei, Xiaomi компаниялары өндірген смартфондардың бюджеттік модельдері де функционалдығы жағынан қымбат смартфондардан айтарлықтай кем түспейді. Олар күнделікті хат-хабар алысу, әлеуметтік желілерді қолдану, музыка тыңдап, видео көру үшін өте қолайлы. Мұндай модельдерде де сапалы фото немесе видео түсіруге, онлайн режимдесөйлесуге және сапалы бейнеқоңырауларға мүмкіндік беретін жақсы камера бар. Дегенмен, мұндай смартфондар қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, жеткілікті жад секілді ерекшеліктерге ие бола алмайды. Бірақ, олардың бағасы қол жетімді, сондықтан да сіз мұндай телефонды қысқа мерзімде жаңасына қиналмай ауысытырып отыра аласыз.


Планшет

Планшеттердің сатылымы мен танымалдығы жылдан жылға төмендеп келе жатқанына қарамастан, бұл құрылғы пайдалы және әмбебап сыйлық болып қала береді. Үлкен экраны көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Атап айтсақ, кітап оқу, фильм көру, әлеуметтік желілерді ақтаруға ыңғайлы болады. Сондай-ақ, планшетпен ауқымды мәтінді жазу және өңдеу, ойын ойнау қолайлы болады. Әрине, қазір ноутбуктар мен телефондардың түр-түрі бар, бірақ, ұзақ жолда планшет таптырмайтын және өте пайдалы құрылғыға айналады.


Теледидар консолі

Пайдалы сыйлықтың тағы бір нұсқасы — теледидар консолі. Бұл сандық теледидарды көруге және сіздің пәтеріңізде нақты кинотеатр ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оларды негізінен Xiaomi, Huawei, ZTE компаниялары өндіреді. Бірақ, көбінесе, байланыс операторларының бірінің осындай құрылғысын сатып алу тиімдірек. Өйткені, бағасы арзан, әрі теледидар арналары мен фильмдер топтамасын тегін жаздырып алуға болады.


Фитнес білезік

Фитнес трекер – бұл спортпен белсенді айналысатын қыз-келіншектер үшін де, денсаулығын күнделікті қадағалайтындар үшін де өте қажетті, көпфункционалды құрылғы. Педометр, әртүрлі спорт түрлеріне арналған физикалық белсенділік есептегіші, пульсер, қысым өлшегіш, ұйқы мониторы және басқа да көптеген пайдалы функциялар қолданған адамның денсаулығы мен физикалық белсенділігі туралы үнемі хабар беріп отырады. Сонымен қатар, құрылғы толық қуатымен ұзақ уақыт бойы жұмыс істейді.


Смарт сағат

Смарт сағат – бұл өмірді жеңілдетіп, көңілді көтеретін гаджет. Ол фитнес трекерге тән функциялардан басқа, қоңырау шалып, қоңырау қабылдай аласыз, сондай-ақ, мессенджерлерден келген хабарламаларды оқуға, музыка қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол адамның талғампаздығын көрсетеді.

Құлаққап

Әйелдерге сыланатын өте қарапайым сыйлықтың бірі — құлаққап. Әрине, оның қандай қызмет атқаратынын түсіндірудің қажеті жоқ. Бірақ, олардың ыңғайлы, сапалы болуын аңғарған абзал.


Асхана құрылғылары

Бүгінде дамыған технологиялардың арқасында асханаға қажетті көптеген құрылғылар пайда болуда. Олар жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға және көп күш жұмсамауға мүмкіндік береді.


Жалпы, кез келген адам қандай сыйлық берсеңіз де қуанады. Бірақ, қажетті құрылғысын сылағанға не жетсін? Сондықтан сыйлық алмай тұрып, не керек екенін ептеп біліп алсаңыз нұр үстіне нұр болары анық. Сондай-ақ, нәзікжанды арулар тағы қандай сылық ұнататынын білгіңіз келсе, мәтіннің үстін басыңыз.нәзікжанды арулар тағы қандай сылық ұнататынын білгіңіз келсе, мәтіннің үстін басыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кинодан ғана көрген ҒАЖАЙЫП гаджеттерді ҚОЛДАНА аласыз


Смартфон дәретхана унитазынан да ЛАС болады!