Асүйдің ҚИЫН шаруасын Сіз үшін ІСТЕП БЕРЕТІНДЕР бар

0
2 798

Бұлардың арқасында бос уақытыңыз өте көп болады


Асүйдің ҚИЫН шаруасын Сіз үшін ІСТЕП БЕРЕТІНДЕР бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Асүй – қыз-келіншектер жиі болатын орынның бірі. Сондықтан, кез келген «асхана ханшайымы» әрдайым ол жердің жинақы, таза болғанын және жұмысын жеңілдететін, уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретін құрылғылардың болғанын қалайды. Ал, мына гаджеттердің бағасы арзан болғанымен, өте пайдалы – тағамды екі есе жылдам және оңай дайындауға көмектеседі.


1. Дөңгелек пышақ

Бұл пышақ қауын немесе қарбыз кесуге өте ыңғайлы. Сондай-ақ, оның көмегімен кез келген шырынды жемістердің қабығын аршуға және кесуге болады. Мерекелік дастарханды безендіруге де өте қолайлы және пайдалы.


2. Жұмыртқа пісіруге арналған қалыптар

Ал, мына силикон қалыптар жұмыртқаны тез пісіру үшін қолданылады. Ол үшін қалыптың ішін майлап, жұмыртқаны жарып салады да, тұз немесе дәмдеуіштерді қосасыз. Содан кейін, жұмыртқаны су құйылған табақ немесе табаға салып, қақпағын жапқан күйде қайнатады.Таңғы асыңыз 4 минутта дайын болады. Сонымен қатар, ыңғайлы әрі жууға оңай бұл қалыптарды қысқатолқынды пеште де пайдалануға болады.


3. Балық тазалауға арналған пышақ

Шын мәнінде, бұл балықты жылдам әрі артық жұмыссыз (құралмен қабыршақты тазалаған кезде, шашылып кетпейді) тазалағысы келетіндер үшін таптырмас құрал. Әсіресе, қабыршақтардың барлық түрін тазалайтын үлгілері өте пайдалы. Сондай-ақ, мұның артқы жағында ет кесуге арналған өткір пышағы бар.


4. Маринатор

Әдетте, жұмыс күндері табиғат аясындағы демалысқа дайындалуға бос уақыт табу қиындық тудырады және ондай демалысты кәуапсыз өткізетіндер өте аз шығар. Алайда, кәуап пісіру үшін оның етін (ненің еті екеніне байланысы) бірнеше сағат маринадтау қажет болады. Ал, бұл мәселені шешуге етті тез дайындай алатын маринатор көмектеседі. Оған қоса, гаджет бірнеше сағаттық жұмысты жарты сағатта атқарып шыға алады.


5. "Ыстық" пышақ

Әр түрлі фастфудтардың пайда болғанына қарамастан, көптеген адамдар әлі күнге дейін таңғы асқа шаймен нанға май жағып жейді. Сондай-ақ, олардың біреулері сары майды, басқалары тәтті шоколад майын жақсы көргенімен, екі тарап та бірдей мәселеге тап болу әбден мүмкін. Ол – тоңазытқыштан шыққан қатты майды кескенде біршама қиындыққа тап болатыны.

Ал, бұл мәселені шешуге бүгінгі заманның гаджеті — батареялар арқылы қызатын пышақ көмектесе алады. Нақтырақ айтсақ, ол пышақтың жүзі өзіндегі батареялар арқылы қажетті температураға дейін ысып, қатқан майды оңай кесе алады және нанға жағуға да өте ыңғайлы.


6. Көкөністерді тазалауға арналған щетка

Ал, мына иілгіш щетка көкөністер мен жемістердің сыртын (тегіс емес болса да) оп-оңай тазалап, ас дайындау процесін едәуір жеңілдете алады.


7. Электрондық оқтау

Бұл құрылғы кез келген ас үйге қамырды тегіс және қалыңдығын бірдей етіп жаюды оңай іске асыру үшін қажет.


8. Заманауи «штопор»

Енді шараптың тығынын ашу оп-оңай! Ол үшін суреттегі құрылғыны бөтелкенің қақпағына қойып тұрып, төменге қарай бағытталған тетігін басасыз және бірнеше секундтан кейін жоғарыға бағытталған тетігін басып тұрасыз, нәтижесінде тығын тез алынады. Айта кетейік, USB желісі арқылы қуатталатын гаджетті кез келген жерде алып жүруге болады.

Гаджеттерді қолдана отырып, өмірдің барлық тұстарын да жеңілдетіңіз!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ғалымдар көрінбейтін қолшатыр жасап шығарды

Мына құрылғылар үйдің ішін ӨЗДЕРІ-АҚ ТАП-ТҰЙНАҚТАЙ ете алады