Ата-ана баласының интернетте НЕ ІСТЕП отырғанын қалай БАҚЫЛАЙ алады?

1
17 036

Қазіргі таңда көптеген балалардың қолынан смартфон түспейтіні белгілі. Ал, ата-ана баласының телефонын не үшін қолданып жүрген жүргенін біле ме? Қалай бақылауға болады?


Ата-ана баласының интернетте НЕ ІСТЕП отырғанын қалай БАҚЫЛАЙ алады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ата-аналар үшін баласымен телефон арқылы сөйлесіп отыру ыңғайлы. Алайда, телефонмен ойнауға, интернетте, әлеуметтік желілерде отыруға немесе youtube-тан түрлі видео көруге болады. Сонымен қатар, бала телефон арқылы ересектерге арналған контентке бақылаусыз қол жеткізеді немесе әлеуметтік желілердегі «өте нашар» топтарға қосыла алады. Тіпті, қазір балалардың номерін анықтап алып, түрлі зиянын тигізетіндер де бар.


Яғни, бұл тақырыпқа көзді жұмып қарауға болмайды. Мәселені шешу үшін – «ата-аналық бақылау» жасауды меңгеріп алыңыз. Бұның не екенін төменде таратып жаздық.


Телефондағы «ата-аналық бақылау» дегеніміз не?

Бұл – телефонның балаға теріс әсерін төмендету және ғаламторға қолжетімділікті шектеу мақсатында бағдарламалық жүзеге асырылған ережелер жиынтығы.

Мұны үйреніп алсаңыз, телефонға жеке бағдарлама жүктеудің керегі болмайды. Яғни, «ата-аналық бақылау» операциялық жүйеге енгізілген қызмет (мысалы, Android жүйесіндегі телефонның «ата-аналық бақылауы» туралы төменде көрсетеміз). Ол смартфонға шектеулер қояды, баланы бақылау үшін көптеген пайдасын тигізеді және неғұрлым сауатты тәрбие жүргізуге мүмкіндік беретін ұялы тыңшы болуы мүмкін.

«Ата-аналық бақылау» бағдарламасының қызметтері:

• ғаламтордың теріс контенттерін бұғаттау;

• сенімсіз ақпарат пен бағдарламаларды көшіріп алуға тыйым салу;

• ғаламторда отыру уақытының ұзақтықтығын шектеу;

• баланың орналасқан жеріне байланысты бақылау.

Міне, осындай қатынасты шектеудің қажетті мүмкіндіктерін сыйлайды. Сондай-ақ, бұдан артығы қажет болса, сөйлесулерді тыңдауға, хаттарды оқуға, қозғалысты бақылауға және т. б. мүмкіндіктерге қол жеткізетін арнайы бағдарламаларды жүктеу қажет.


Android жүйесіндегі телефонға «ата-ана бақылауын» қалай орнатады?

Жеке бағдарламалардан бұрын стандартты қызметті қарастырайық. Демек, біз баланың ғаламтордың нашар контенті мен смартфонның зиянды функцияларына қол жеткізуіне шектеу жасау үшін Аndroid не ұсынатынын көреміз.

• Бір бағдарламаны бұғаттау

Бұл уақытша шектеу қызметі болғанымен, қандай да бір дәрежеде бақылау жасауға көмектеседі. Ол үшін Android параметрлеріндегі «Қауіпсіздік» бөліміне кіріп, таңдалған бағдарламаны «құлыптау» батырмасын басамыз. Одан кейін, ол бағдарламаны пайдалану мүмкін болмайды.


• Play-market-ті бұғаттау

Мұндай мүмкіндік Android-та және осы қосымшада жүзеге асырылған. Ол керексіз бағдарламалар мен қосымшаларды жүктеуге тыйым салады.Орындалуы былай жүреді:

  • Play market-тегі «мәзір» түймесін басып, баптауларды ашыңыз;
  • «Ата-ана бақылауы» тармағын қосу («Вкл» түймесі) және жасырын кодты қою.
  • Ойындар, бағдарламалар, фильмдер және музыканы жасына қарай шектеуді қосыңыз.
  • Ақылы қосымшаларды сатып алуға арналған Google-дағы құпия сөзді енгізуді талап ететін «сатып алу кезіндегі Аутентификация» тармағын қосыңыз. Әрине, балаға бұл құпия сөздерді айтпаңыз.


• Youtube желісін бұғаттау

Телефонға «ата-аналық бақылау» орнатудың тағы бір бөлігі – YouTube-қа шектеу орнату арқылы баланың «керексіз» бейнеге қол жеткізуін шектеу. Ол үшін YouTube-тағымәзірге кіріп, «Параметрлерге» кіріп, «Жалпы» түймесін басамыз және «Қауіпсіз режим» тармағын таңдаймыз.


Сондай-ақ, Google Play-дағы «балаларға арналған YouTube» жеке бағдарламасын пайдалануға болады, онда мұндай қызмет автоматты орнатылған және ол өшіп қалмайды.


Ата-аналық бақылауға арналған арнайы қосымшалар

Әрбір қосымшаның өз қызметі болатыны сияқты бұл қосымшалар да «ата-ана бақылауының» жақсы жүруі үшін айрықша қызметтер ұсынады. Сіз жай ғана смартфонға осындай бағдарламаны орнатасыз және нұсқаулық бойынша қажетті параметрлерді жасайсыз. Қосымша Сіздің пайдаңызға қызмет атқарады.


• Android үшін:

Screen Time;

Kid's Shell;

Cafe Lagoon;

SafeKiddo Parental Control;

IPhone үшін:

Kidlogger;

Qostodio Safe Browser.


Енді сіз «ата-ана бақылауы» деген не екенін және оны қалай қолдану керек екенін білдіңіз.

Қазіргі ғаламторда балаларға арналған арнайы тәрбие құралдары бар. Бірақ есіңізде болсын, бұл тек көмекші ғана, ата-ана тәрбиесін ештеңе алмастыра алмайды.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2050 жылға дейін пайда болатын ғажайып құрылғылар


Заманауи гаджеттер топтамасы: 2000 түрлі ас әзірлейтін робот пайда болды