БАРЛЫҚ адам ТЕГІН ҒАЛАМТОР желісін пайдаланады!

0
232

Илон Маск бүкіл адамзат үшін керемет жоба дайындап жатыр.


БАРЛЫҚ адам ТЕГІН ҒАЛАМТОР желісін пайдаланады!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

XIX ғасырда 2000 жылдан кейін әрбір үйде компьютер немесе ұялы телефон болады деп ешкім ойламаған болар. Бірақ ол орындалды және технологиялар әлемі өте жылдам дамып келеді. Тіпті 10 жыл бұрын кинодағы ертегі секілді көрінетін фантастикалық ойлар шындыққа айналып жатыр. Ал, алдағы онжылдықта мынандай ғажайып жаңалықтар пайда болуы әбден мүмкін.


Ғаламторды оймен басқару

Қызық, кез келген сұраққа жауап табу, әлемдік ғаламтор желісіне гаджеттердің көмегінсіз кіру және кез келген кітаптың мәтінін әрбір адам ойына оңай тоқып алу жобасын кім дайындап жатыр екен? Әрине, АҚШ гуманисті – Илон Макс! Қазіргі уақытта ол жоғарыда айтылған мүмкіндіктерді орындай алатын, адамдардың құлағына бекітілетін чип әзірлеп жатыр екен. Бұл жоба алдағы он жылда пайда болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, Илон осы жобадан кейін, нано-магнитпен бекітілген тағы бір кішкентай чип жасамақшы екен. Ол болашақта адам ағзасын жазатайым жағдайдан өлу қаупінен сақтайды-мыс...


Нейропротездер

Қазір дамыған елдерде бір жылдық медициналық сақтандыру бар, тиісінше сол елдердің тұрғындары жазатайым аяқ-қолынан айырылып қалса, клиникадан тегін нейропротез ала алады. Ал, біз айтып отырған протездерді ой күшімен басқаруға болады. Сонымен қатар, олардың түрі көбейген сайын бағасы да арзандайды деп күтілуде.


GPS-пен басқарылатын ұшқыш көліктер

АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және Жапония өнертапқыштары қазіргі уақытта осындай ірі қалалар арасында ұшатын автокөлікті бірінші болып өндіруге талпынып, өзара жарысып жатыр. Шамамен 2030 жылға қарай бұл жоба шындыққа айналады. Нәтижесінде, көлік құралдарының қауіпсіздігі үшін соқтығысуды болдырмау мақсатында кәдімгі ұшақтарды басқаруға пайдаланылатын автоматты GPS жүйесімен жабдықталатын болады.

Сондай-ақ, алғашқыда ұшатын автомобильдерді қолдану үшін жүрегі мықты адамдарға басқарту арқылы сынақтан өткіз, содан кейін сәтті өтсе барлық тұтынушыларға сатуды бастау жоспарланып отыр. Оған қоса, бұл көліктерді сатып алатын адамдар міндетті түрде алдын ала сынақтардан өтіп, жүргізуші куәлігін алу керек болады.


Барлық адамдар үшін тегін ғаламтор – тағы да сол Илон Маск!

Ал, ең басты жаңалық – келе жатқан 10 жыл ішінде АҚШ-тан шыққан өнертапқыш Илон Макс ғарыш серіктерінің және wi-fi технологиясының көмегімен жердің барлық тұрғындарын тегін ғаламтормен қамтамасыз ететін жоба әзірлейді деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде АҚШ-та американдықтар үшін тегін интернет көзі болып отырған 1500-ге жуық спутниктер іске қосылған. Оған қоса Маск компаниясының өкілдері жер шарының барлық елдерімен, соның ішінде Ресей, Беларуссия, Қазақстан және басқа да посткеңестік елдермен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Егер, бүкіл әлем халқына арналған жоба іске қосылса, бүгінгі күні ғаламторды ақшаға сататын барлық монополист компаниялардың жаһандық құлдырауы басталады. Тиісінше, бұл әлемдік интернет тарататын компанияларға ақша салуды тоқтатуға және бұл қаражатты медицина мен білім беру сияқты аса маңызды салаларға бөлуге мүмкіндік береді.


Айта кетейік, ашық ғаламтор беттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, барлық адамға арналған тегін интернет 2-3 жылдан кейін шындыққа айналуы әбден мүмкін!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

дереккөз: novate.ru


Тағы оқыңыз:


Ноутбукқа СУ ТӨГІП алғанда НЕ істеу керек?

СІЗ қайсысын қолдандыңыз? 90-жылдары ХИТ болған гаджеттер


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет