ЕРЛЕР мерекесіне арналған ЕРЕКШЕ сыйлықтар

0
6 828

Көптеген ерлердің қалаулары мен тілектерін зерделей келе, оларға ұнайтын гаджеттердің тізімін жасап, бөлімдерге бөлдік.


ЕРЛЕР мерекесіне арналған ЕРЕКШЕ сыйлықтар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ер адамға мереке күні сыйлық беру тамаша шешім. Ал, сыйлық ретінде жас ерекшелігіне қарамастан заманауи құрылғылар алу жақсы таңдау болады.


Кез келген талғамға сай гаджеттер

Қазіргі гаджеттер нарығында адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған көптеген құрылғылар бар. Сондықтан, кез келген талғам үшін сыйлыққа гаджет таңдауға болады.


Бірнеше мысал:

• модульдік девайстар;

• модульдік роботтар мен дрондар;

• тетікпен басқарылатын ойыншықтар: машиналар, тікұшақтар, катерлер;

• ауа ылғалдағышы және т.б.


Пайдалы гаджеттер

Бұл бөлімде ерлерге арналған қызықты және пайдалы гаджеттер жинақталған. Сізге тек таңдау ғана қалады. Аталған құрылғыларды күнделікті өмірде, саяхатта, тұрмыста қолдануға болады.


Пайдалы девайстар тізімі:

• Camera kit – ұялы құрылғыларға арналған әмбебап «объективтер» жиынтығы. Егер, Сіз сыйлық беретін ер адам суретке түсуді немесе түсіруді ұнататын болса, онда ол бұл сыйлықты қуана қабылдайды;

• Eton Mobius – телефонға арналған қуаттау «чехолы». Ол күн сәулесінен алатын қуатаен жұмыс істейді және табиғатқа шыққанда қажет болатын таптырмас құрылғы;

• BRITA Fill&Go – су тазалайтын сүзгі;

• Eton Scorpion – күннен қуат алатын батареялармен жұмыс істейтін мульти-гаджет. Ол USB арқылы құрылғыларды қуаттай алатын және шам, радиомен жабдықталған таптырмас гаджет.


Үздік заманауи гаджеттер

Бұлар үйде, ойын-сауық, спорт және денсаулық үшін пайдалануға болатын керемет құрылғылар. Олардың тізіміне келесі сыйлықтар енді:

• смартфондар мен планшеттер;

• компьютер-флешка;

• фитнес трекер;

• сымсыз құлаққаптар;

• «өзге әлем» көзілдірігі;

• смарт теледидар орнатқыштар;

• ойын құралдары;

• медиаплеер;

• электронды кітап;

• автомобиль навигаторы;

• камерасы бар ұшқыш дрондар;

• бейнетіркегіш;

• Һandycam бейнекамера;

• ақылды термометр.


Сәнді гаджеттер

Ал, мына топтамадағы гаджеттерді көбінесе 20-30 жасқа дейінгі ерлер қолданады:


• жарықшамдары бар Led-кепка;

• SmartWatch – ақылды сағаттар, тек үлгісін дұрыс таңдау керек;

• әуен ойнататын жейделер;

• iPod-mp3 плеер;

• «цифровая фоторамка»;

• гироскутер;

• жарқырайтын аяқ киім;

• ақылды білезік;

• жылдық трафигі төленген 4G модем.


Қолжетімді бағадағы гаджеттер

Сіз заманауи сыйлық жасауға бел байладыңыз, бірақ қаржылық қиындықтар туындап тұр. Мұндай кезде өте үлкен мәзірі бар гаджеттердің арасынан арзан және әдемі сыйлық болатын мынандай құрылғыларды таңдауға болады:

• сымсыз «колонка»;

• жоғалған заттарды табуға көмектесетін «Bluetooth маячок»;

• жинақтағыш флешкалар;

• сенсорлық экрандарға арналған қолғаптар;

• монопод немесе селфи таяқ;

• мультитул – мультифункционалды құралдар жиынтығы «бесеуі – біреуінде»;

• жүргізушілерге арналған антисон – «ұйқыға қарсы» құрылғы;

• SCiO сенсоры – азық-түліктегі, қажетсіз элементтерді тексереді, сондай-ақ калория, ақуыз, май мен көмірсу мөлшерін есептейді.


Спорттық гаджеттер

Спортпен тұрақты айналысу өте пайдалы және денені пішінін сақтауға да мүмкіндік береді. Ал, қазіргі заманауи спорттық гаджеттер салауатты өмір салтын сақтауға жақсы әсер етеді. Олар жанған калорияны, басып өткен межені немесе жеке рекордтар сияқты деректерді бақылауға көмектеседі:

• фитнес білезік;

• «кардиодатчик»;

• жүгіруге арналған көмекші;

• жаттығу маскасы;

• ақылды бөтелке;

• Bluetooth құлаққаптар;

• жүгіруге арналған кроссовкалар;

• ақылды таразы-талдағыш;

• «смарт скакалка»;

• «ақылды гантельдер»;


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


INSTAGRAM парақшасын қалай жылдам дамытуға болады - КӘСІПҚОЙЛАРДАН 7 КЕҢЕС


Телефонды теледидарға қосудың 7 жолы