​Facebook ерекше қорғану әдісін енгізді

0
1 377

Енді өз нөмірін көрсетуді қаламайтын пайдаланушылар екі факторлы аутентификация тәсілі көмегімен аккаунттарына қандай да бір қауіп төнген жағдайда блоктауына болады.


​Facebook ерекше қорғану әдісін енгізді

фото sovetclub.ru

Facebook әлеуметтік тармағы өз аккаунтына кіру үшін телефон нөмірін талап етпейтін екі факторлы аутентификация әдісін ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді өз нөмірін көрсетуді қаламайтын пайдаланушылар екі факторлы аутентификация тәсілі көмегімен аккаунттарына қандай да бір қауіп төнген жағдайда блоктауына болады. Жаңа әдіс әлеуметтік желіге кіру үшін парольге қосымша ретінде код енгізуді сұрайды. Бұл сіздің аккаунтыңызды рұқсатсыз пайдаланушылардан қорғайды. Мысалы, кибер-қылмыскерлер аккаунтыңызды ұрлаған жағдайда да оларға әлеуметтік желіге кіру үшін қосымша кодты алу керек. Ал, код sms ретінде сіздің нөміріңізге келіп отырады. "Facebook" пайдаланушыларына аутентификация кодын жіберуде мәтінді хабарламарды пайдаланады. Бірақ, хакерлер сіздің телефоныңызды бақылауға алса, аталған кодты өздеріне өткізіп алып, аккаунтыңызды бұза алулары мүмкін екен.