Ұялы телефонды 10 жылдан артық ұстаған адамның жағдайы қандай болады?

0
2 911
Осыдан бірнеше жыл бұрын ұялы телефонды тек қана ақшасы көп адамдардың қолынан байқайтын болсақ, қазіргі таңда балалардың қолындағы ойыншығына айналып бара жатыр. Тіпті, шалғай ауылдардың өзінде телефонсыз үй жоқ. Ал, екінің бірінің қалтасы мен қолында жүрген осы «сотка» дегеннің ағзаға қаншалықты зиянды екенін білесіз бе?

Ұялы телефонды 10 жылдан артық ұстаған адамның жағдайы қандай болады?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Ұялы телефон адамға қалай әсер етеді?

Нақты айтсақ, электромагниттік өрістер барлық тіршілік иелеріне, cоның ішінде адам ағзасына өте үлкен зиян тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелеріне сәйкес электромагниттік өрістер адамның жүйке жүйесіне, ішкі мүшелерге, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сондай-ақ, қазіргі кезде әлем мамандарының бірігіп өткізген зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастаған. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте үлкен зиян жасай отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бұзады екен.

Сонымен қатар, еліміздегі телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есеге артқан. Ал ірі мегаполистерде оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.

Сондай-ақ, адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлеседі. Тиісінше, ең қауіптісі де осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның денесін қыздырып, денсаулығына кері әсер береді екен. Әсіресе, қазіргі жеткіншектер күндіз-түні «ұялыға» жабысып, қолдарынан тастамайды. Түнімен ән тыңдап, хат алмасып, әлеуметтік желілердің «гүлі» болып отырады. Ол әрекет зиян тигізері сөзсіз.

Телефон балалардың денсаулығына да кері әсер ететіндігі аз айтылып жатқан жоқ. Ұялы байланыстан есте сақтау қабілеті нашарлап, танымдық қабілеті төмендейді. Сондай-ақ, бойын жағымсыз әсерлер билеп, көбісі ашушаң, шаршауық болып қалыптасады. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессияға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

Қалта телефонының қуаттағышы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында жатқанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісік-тің пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ, ғалымдар сұмдық жайттарды да анықтап: «Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градус-қа дейін қыздырады», - деген пікір білдірген.


Қанша уақыт сөйлесу керек?

Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығы 3 минуттан артық болса, тиетін зиян да арта түседі. Алайда, мамандардың айтуынша құлаққап арқылы сөйлесу зиянды 70%-дай азайтады екен. Негізгі зиян тигізілетін уақыт қоңырауды қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд шамасы. Одан ары қарай зиян күші күрт азаятын көрінеді.

Айта кетсек, электромагниттік сәулелердің адам ағзасына тигізетін зияны туралы жинақтарда: «Телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді», - делінген.


«Transmitter-дің» әсері қандай?

Ұялы телефонның адамға қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы біледі, бірақ мән бермейді. Телефон қосулы қалпында жай жатқанда зиян тигізбейді. Алайда аппараттың құрамдас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш", передатчик) іске қосылған кездері адам ағзасына айтарлықтай зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергиялар.

Телефон «антеннасынан» бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға енеді екен. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпей, бір түрден екінші бір түрге айналады. Ол клетка миға «құтқар» сигналын жіберуі керек, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты жеңіп кетеді.


SAR дегенді білесіз бе?

SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефонды пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына енетін ең жоғары меншікті қуатты көрсететін коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.

Демек, телефонда SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ, ұялы телефондардың ағзаға тигізетін әсері де осы өлшемге тікелей байланысты.

Ұялы телефондағы SAR-ды білу үшін нұсқаулықты оқу керек.


Ғалымдар ашқан жаңалықтар

Бүгінде әлем мамандары ашқан жаңалықтарға ешкім таңғалмайтын болды. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын «жүкті әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деген дабыл да қағылған.

Сондай-ақ, шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ының құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60%-ы ұйқышылдыққа бейімделгенін және 50%-ы бас ауруының күшеюіне шалдыққанын анықтаған.


Аталған мәлімдемеде: « Еуропаның 5 елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда», - делінген.

Сонымен қатар, Еуропа ғалымдары жақында: «10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі қиындықтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін.Сол себепті, адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады. Сондай-ақ, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі», - деген қорқынышты тұжырым жасады.


Сақтық шаралары

Біріншіден, қондырғыларды «тұйықтау» жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет.

Пайдалы кеңестер:

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.

2. Мүмкіндік болса, үй телефонымен сөйлескен дұрыс.

3. Ұялы телефонды «SAR» бойынша таңдаған дұрыс.

4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.

5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.

6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.

7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.

8. Сөйлесуді «SMS» қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

9. Динамик арқылы байланысуға ұмтылған дұрыс.

10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.

11. Екі байланыс арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.

12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.

13. Автомобильде, «антенна» ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет