Huawei, Samsung, Xiaomi, Apple...: Брендтер бәсекесінде қайсысы ҮЗДІК атанды?

0
4 732

Өткен жылдың рейтингін назарларыңызға ұсынамыз.


Huawei, Samsung, Xiaomi, Apple...: Брендтер бәсекесінде қайсысы ҮЗДІК атанды?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Смартфон нарығы соңғы 10 жыл ішінде айтарлықтай өзгерді және кеңейді. Соның әсерінен тұтынушылар үшін таңдау жасау қиынға соғатын жағдайға жетті. Бұрындары адамдар Nokia мен Sony Ericsson брендерін таңдайтын болса, қазір азиялық өндірушілер нарықтың басым бөлігін жаулап алды деуге негіз бар. Сол себепті, оқырман назарына өткен жылдың қорытындысы бойынша шыққан рейтингті ұсынғалы отырмыз.


10. Meizu

Meizu 15 жыл ішінде көшбасшылардың біріне айналғанқытайлық «жас» компания. Адамдар бұл компания құрылғыларының қуаты мен бағасының қолжетімділігін ерекше бағалайды. Ол тіпті Apple-дің қорғанысынан да мықты қорғаныс жүйесін жасап шығарған.

Артықшылықтарына: сенімділік, қолжетімділік, камералары мен дисплейі, телефон жоғалған кезде табуға көмектесетін Flyme есептік жазбасы жатады. Ал, кемшілігі ретінде жүйенің жиі жаңармауы, кейде байланысты нашарлатып алуын айтуға болады.


9. Nokia

Nokia тоқсаныншы жылдардың басты жұлдызы болғандықтан, бұл рейтингке енгізуді қажет етпейтін де шығар. Дегенмен, біраз жыл бойы ортаңқол компаниялардың қатарында жүрген бренд соңғы жылдары жағдайын түзетуге тырысуда. Бұл әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермесе де, Nokia стильді смартфондар шығарып жатыр. Бірақ пайдаланушылар бұл өндірушінің бағдарламалық жасақтамаларына жиі шағымданады.



8. Google

Google компаниясы шығаратын смартфондар қымбат болғанымен, кейде негізсіз жоғарылатып жібереді. Ондай-ақ, құрылғыларының барлығы бірдей мықты камера және керемет экранға ие емес. Мүмкін, смартфондарының бағасы қолжетімді болса, рейтингі де жоғары болар ма еді?

7. Sony

Бұл өндіруші компания да Nokia сияқты жағдайға тап болған. Жалпы, жақсы смартфондар шығарғанымен, бүгінгі нарық көшбасшыларынан деңгейі төмен. Орташа және төмен баға санатындағы модельдер өзге компаниялардың деңгейлес құрылғыларына қарағанда әлдеқайда қымбат. Алайда, Sony-дің өз жанкүйерлері болғандықтан, үздік ондыққа кіруге әбден лайық.



6. Motorola және Lenovo

Lenovo 2014 жылы Motorola Mobility-дің акцияларын сатып алған ең ірі қытай брендтерінің бірі. Бұларды ел сапалыы әрі арзан телефондар өндіретіні үшін жақсы көреді. Сондай-ақ, қазір Motorola да анда-санда өз тауарларын шығарып келеді.

5.Viva, Realme, Oppa, OnePlus (BBK Electronics)

BBK Electronics тобына жататын 4 бренд бренд соңғы бірнеше жыл ішінде нарыққа ене білді. Әсіресе, Xiaomi бюджеттік брендіне бәсекелес ретінде құрылған Realmе. Ал, Vivo және Oppo модельдерінің бір-бірінен ерекшелігі өте аз болса, One Plus экспортқа арналған құрылғылар өнідіріп жатыр.



4. Huawei

Huawei-ді Xiaomi-мен бір орынға орналастыруға болады, бірақ 2019 жылдың ортасында АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына байланысты компанияға санкциялар салынып, Google-дің барлық қызметтері, соның ішінде Google play бұл смартфондарға орнатылмайды. Егер 2021 жылғы санкциялар алынып тасталса, бұл брендтің биіктеуі мүмкін. Дегенмен, бұл смартфондардағы камералар әлемдегі ең жақсы камералар екенін ұмытпаған жөн.

3. Samsung

Көптеген пайдаланушылардың пікірінше, Samsung Galaxy – функционалдылық, сенімділік және т.б. үздік сипаттамалардың символы. Сондықтан ол үздік үштіктің ішінде тұр.



2. Xiaomi

Ал, Xiaomi сатылымы бойынша Apple және Samsung сияқты алыптарға үлкен бәсекелестік тудырып отыр. Бұл телефондардың басты артықшылығы – жоғары өнімділік және қолжетімділік. Ол миллиондаған қолданушылардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

1. Apple

Егер сіздің ақшаңыз жетіп тұрса, Apple-ді таңдау қажет. Бұл смартфондар жады бойынша да, жұмысы бойынша да ең мықты смартфон болып саналады. Бұл баға камерадан бастап аудио-чипке дейінгі барлық бөлігіне қатысты. Сонымен қатар, олардың дизайны да өзгеге ұқсамайды. Сондықтан IPhone көптеген жылдар бойы нағыз аңыз өндіруші болып келеді.

Брендті таңдағанда, мына кеңесерге жүгініңіз:

  • Баға мен сапа қатынасы. Кей өндірушілер тауарларының бағасын негізсіз жоғары етіп қояды. Әрине, егер сіз құнына сапасы сай смартфон алсаңыз, өкінбейсіз. Бірақ, бұл ережеге сай келмесе, басқа нұсқаларды таңдаған дұрыс.
  • Брендтің атағы. Негізі құрылғыны арзан екен деп, аты танылмаған брендтерді таңдаған дұрыс емес. Себебі, халықтың аузында жүрмеген компанияның өнімдері бір жылдан артық қызмет етуі неғайбыл. Ал, аты шыққан компаниялар өз атақтарына дақ түсірмеуге барынша тырысады.
  • Ел пікірі. Қазір ғаламтордың қарыштап дамыған заманы. Мәселен, компаниялар өз тауарларына жарнама жасаған кезде тұтынушылардың пікір білдіруіне де мүмкіндік қарастырып қояды. Сондықтан өзге де пайдаланушылардың сөзіне көз жүгірту артықтық етпейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Телефонның ТЫҢДАЛАТЫНЫН қалай білуге болады?

Илон Маск КҮН СӘУЛЕСІМЕН ҚУАТТАЛАТЫН телефон шығарды