iPhone SE-ге бәсекелес шықпақ

0
2 219

Жақында Nokia компаниясы iPhone SE-ге лайықты бәсекелес бола алатын жаңа смартфонды көпшілік назарына шығармақ ниетте екені белгілі болды.


iPhone SE-ге бәсекелес шықпақ

Фото: blog.ourcrowd.omtech.co.il

Смартфондар арасындағы бәсекелестік бүгінде озып тұр деуге болады.

Осы жылдың өзінде-ақ Nokia көптеген смартфондарды қолданысқа түсіріп, өз жүйесін жаңартпақ ниетте. Астера сайтының дерегі бойынша, Nokia қолданыстағы смартфондарды басып озатын әрі аңызға айналатын брендті ұсынбақшы.

Сонымен қатар, өз жүйесіндегі ең қымбат және ең арзан смартфондарды шығарып, қолданысқа енгізеді. Қазір Nokia компаниясы негізгі камерасының бес түрлі жылжымалы линзасы бар смартфонды жасап жатыр.

Жақында Nokia компаниясы iPhone SE-ге лайықты бәсекелес бола алатын жаңа смартфонды көпшілік назарына шығармақ ниетте екені белгілі болды.

Ақпан айының басында АҚШ-та Nokia-ның TA-1056 нөмірлі жаңа смартфоны тіркелген. Оған дейін бұл аппарат туралы ешқандай мәлімет болмаған. Бірақ инсайдерлердің көмегімен смартфонның өлшемі шағын, iPhone SE-ден сәл ғана үлкен және онда 4,7 дюймдік экран болатыны анықталған.

Nokia TA-1056 смартфоны ақпан айындағы MWC 2018 көрмесіне қойылуы ықтимал.