ҚАЛТАҒА СЫЙЫП КЕТЕДІ: Ноутбуктың жаңа түрлері шығып жатыр

0
3 384

Бұл құрылғылардың ХИТ болатыны сөзсіз.


ҚАЛТАҒА СЫЙЫП КЕТЕДІ: Ноутбуктың жаңа түрлері шығып жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ноутбуктар - IT индустриясының өкілдері үшін өте тиімді құрал. Себебі, ноутбук бар жерде жұмыс өнімді болады. Әрине, құрылғының техникалық сипаттамалары жақсы болса. Сондай-ақ, кей адамдар үшін өлшемі үлкен ноутбук қолайлы болса, енді біреулеріне шағын құрылғы қажет болады. Сондықтан өндірушілер бұл жағдайды ескеріп, шағын ноутбуктарды көптеп шығаруда. Дегенмен, олар жайлы біраз адам біле бермейді. Сол себепті, ең үздік мини-ноутбуктердің тізімін ұсынып отырмыз.


OneMix 4S

Қытайлық One Notebook компаниясы негізінен портативті ойын құрылғыларын шығарады. Енді олар өздерін басқа сынап көруді шешіп, пилоттық жоба ретінде ноутбуктерді таңдап отыр. Қазіргі уақытта олардың алғашқы үлгісі дайын. Бұл 10,1 дюймдік дисплейі бар ноутбук трансформаторы. Оның экранын 360 градусқа бұрып, планшет ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, құрылғыға өте өнімді Intel Core жүйесінің 12-ші буыны орнатылған.

Құрылғы сенсорлық дисплеймен, жарықтандырылған пернетақта және сенсорлық панельмен жабдықталған. Салмағы небары 770 грамм. Бұл құрылғы өзіңізбен бірге алып жүруге өте ыңғайлы. Өкінішке қарай, құрылғының құны әлі белгісіз болып отыр. Бірақ, шағын ноутбук 2022 жылдың соңына дейін сатылымға шығады.



MNT Pocket Reform

Бұл модульді құрылғыны өндіру екі жыл бұрын басталған. Оның қолайлылығы сонша, экранының диагоналы небары 7 дюймді құрайды. Әзірлеушілер құрылғыны ортақ пернетақтамен жабдықтаған. 4 ядролы NXP I.MX8M Plus процессоры бар.


Құрылғыда моно динамик, микрофон, сонымен қатар екі USB Type-C порты, бір HDMI порты бар. Деректерді сақтау үшін 128 ГБ-тық жад қолданылады. Батареясының қуаты 8000 мА.



GPD Win Max 2

Ал, мына құрылғы ойын ойнауға мүмкіндік беретін шағын нлутбук. Құрылғыны 32 ГБ жедел жадпен, пернетақта және кіріктірілген ойын контроллерімен жабдықталған. Құрылғы осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында нарыққа шығады. Корпусының өлшемдері – 227 x 160 x 23 мм. Экран сенсорлы, сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, ойынға арналған сенсор да бар. Сонымен қатар, жад картасының ұясы, сондай-ақ кіріктірілген камера бар. Төрт динамик, кіріктірілген салқындатқыш, жарықтандырылған пернетақтамен жабдықталған гаджеттің корпусы алюминий-магний қорытпасынан жасалған, яғни құрылғы берік.

Бұл ноутбуктың қанша тұратыны әлі белгісіз.



Chunky Palmtop

Бұл шағын гаджет жұмыс компьютеріне де, ноутбукқа да ұқсайды. Қажет болса, оны бүктеп, тасымалдау да оңай. Пернетақтасы жылжымалы механизммен жабдықталған. 7 дюймдік сенсорлық экраны бар. Жалпы, бұл құрылғы қазір аса маңызды міндеттерді атқара алады деп айту қиын. Бірақ кім біледі, мүмкін әзірлеушілер оны жетілдіріп, көптеген қызметтерді атқаруға лайық ететін шығар.


GPD Pocket 3

Тағы бір кішкентай ноутбук бар. Оның экранының диагоналі бар-жоғы 8 дюймді құрайды, тіпті қалтаға салып кете бересіз. Оның экраны 180 градусқа ашылады. Құрылғы толық өлшемді HDMI және Ethernet порттарымен жабдықталған. Қаласаңыз, бір портты екіншісіне ауыстыра аласыз. USB порттарының бірін алып тастауға және өзгертуге болады.

Айтпақшы, бұл гаджеттің бағасы да қолжетімді. Атап айтқанда, құрылғының құны ары кетсе 800 АҚШ долларын құрайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТЕЛЕФОНҒА ТӘУЕЛДІСІЗ БЕ? Одан арылуға мына әдістер КӨМЕКТЕСЕДІ


ЖИНАЛМАЛЫ ЭКРАН: Қазір бәрі осындай телефон алғысы келіп жүр