Келешекте «ақылды» үйіңізде «ақылды» гаджеттер болады (ТОП-шолу)

0
574

Болашақта «ақылды» үйлер мен пәтерлер болады деп күтілуде. Бірақ, Сіз сол кезде үйіңізге қандай құрылғылар алу керек екенін білесіз бе?


Келешекте «ақылды» үйіңізде «ақылды» гаджеттер болады (ТОП-шолу)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сіздерге «ақылды» үйді жабдықтауға арналған жаңа үлгідегі ең үздік құрылғыларды ұсынамыз:


АҚЫЛДЫ ҚҰЛЫПТАР:


Алдымен, Сіз пәтеріңіздің есігін оңай ашылмайтындай етіп жасауыңыз керек. Ал, оған заманауи құлыптар көмегін тигізеді және олардың түр-түрінің арасынан көңіліңізге жаққан үздігін таңдай аласыз. Ол құлыптардың арасында төсегіңізде жатып-ақ басқара беретіндері болады.


Lockitron Bolt


Бұл құлып Bluetooth арқылы жұмыс істейді және сіз үйден алыстап кеткен кезде өздігінен құлыптанып қалады. Сондай-ақ, отбасы мүшелері, достарыңызға, жалпы қалаған адамға кіру құқығын бере аласыз. Егер, үйге біреу келіп немесе кетіп жатса, смартфоныңызға хабарлама келеді.


August Smart Lock


Бұл гаджет сенімділік пен танымалдылыққа ие болған «ақылды» құлыптардың бір нұсқасы. Ол батареялармен жұмыс істейді және Bluetooth арқылы смартфонмен байланыса алады. Байланыс орнату арқылы қосымша контактілер тізіміне пәтерге кіруге рұқсат етілген адамдарды тіркейді және есікті автоматты жауып, кімнің кіріп-шыққаны жайында хабар береді.


БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ:


Үйде болып жатқан барлық нәрсе туралы білу үшін, Сізге жай ғана заманауи бақылау камералары қажет. Оның үстіне, ондай жаңа камералар кішкентай, әрі ыңғайлы болып келеді.


Butterfleye



Бұл камера қажет болуы мүмкін барлық қосымшалармен жабдықталған. Олар қозғалысты тани алады, Full HD форматында бейне түсіреді және ішінде 16 ГБ кіріктірілген жады, қуатты аккумулятор, акселерометр және қабырғаға бекіту үшін магнит болады. Сонымен қатар, смартфонмен синхрондалады және оған барлық хабарламаларды жібереді, бейне таратады, тіпті ең маңыздысы туралы да хабарлайды.


Nest Cam


Алдыңғы нұсқаға қарағанда, Nest Com-да шолу бұрышы кең және өзге шуылдарды елемей, тек дыбысты жаза алады. Сондай-ақ, камера бейнені сақтап қана қоймай, сол сәтте қандай да бір оқиға болғанын айтып беруге қабілетті. Оны сөреге қоюға немесе қабырғаға орнатуға болады.


Arlo


Су өткізбейтін сымсыз камера смартфонмен синхрондалады. Үйге бұндайдың бірнешеуін орналастырсаңыз да, оларды «бұлтты» сервистің көмегімен басқаруға болады. Ал телефон экранынан төрт камераның бақылауын көруге болады — ол үшін арнайы бағдарлама жасалған. Сонымен қатар, қозғалыс сенсоры және түнгі көру режимі бар.


Canary

Бұл шағын камера жоғарыда аталғандардан мықтырақ. Негізгі функциялардан басқа, оған ауаның жағдайын анықтайтын сенсор да енгізілген. Сонымен қатар камера, дыбыс сенсоры және сирена бар.


ТЕРМОРЕТТЕГІШТЕР мен СҮЗГІЛЕР:


«Ақылды» үйдәң ішіндегі климат та ерекше болу керек. Мұны технологиялық термостаттардың көмегімен қадағалау әлдеқайда оңай. Сонымен қатар, пәтердегі ауа жағдайын арнайы сүзгілермен бақылауға болады.


Nest


Бұл геджет температураны бақылайды, күн тәртібін есте сақтайды және соған сәйкес климатты орнатады. Сонымен қатар, гаджетті смартфонмен басқаруға болады және ол үйде ешкім болмаған кезде энергияны үнемдеу режиміне көшеді. Температура мен ылғалдылықты міндетті түрде хабарлап отырады.


AWAIR


Шағын құрылғы бірден бірнеше көрсеткішті: ауадағы көмірқышқыл газының температурасын, ылғалдығын, құрамын, уытты компоненттер мен шаңның болуын үнемі қадағалап отырады. Деректер қысқа мәлімет ретінде беріліп, содан кейін AWAIR мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.


Point


Бұл гаджет сіздің пәтеріңіздегі дыбыстарды қадағалап, температура мен ауа құрамын дұрыстайды. Сондай-ақ, үйдегі климат жағдайы туралы қорытынды шығарады және ауаны қай кезде ауыстыруды анықтай алады.


АҚЫЛДЫ ШАМДАР:


«Ақылды» үйге арналған ең танымал құрылғылар — «ақылды» шамдар. Олар адамдарға қатты ұнайды.


Lucy



Бұл сфералық шам жылжымалы айналардың көмегімен күн сәулесін ұстап, оны қажетті жерге бағыттайды.


Twist


LED шам тамаша динамиктермен жабдықталған, сондықтан AirPlay технологиясы арқылы әуен ойнап тұруы мүмкін және жарықтың түсін тәулік бойы бірдей етіп ұстап тұрады.


Smart Change


Бұл шамдар төтенше жағдайларда да көмектесе алады. Егер Сіздің үйіңізде тоқ өшіп қалса, SmartChange тағы 4 сағат жұмыс істейді, ал қалған уақытта энергияны үнемдейді.


Emberlight


Әдемі әрі сәнді шам Wi-Fi көмегімен смартфоннан басқарылады – жарықты қосуға, өшіруге немесе жарық күшін көбейтіп, азайтуға болады.


БӨЛМЕГЕ АРНАЛҒАН ГАДЖЕТТЕР:


Үй салған кезде, бір бөлмені «негізгі» деп санаймыз. Онда әдетте өмір мен ойын-сауық үшін қажет барлық нәрсе болады.


Eero



Заманауи модем сіздің үйіңіздің әрбір бұрышына жылдам Wi-Fi байланысын жеткізуге кепілдік береді.


Luna


«Ақылды» Luna көрпесі Сіздің денсаулығыңызды қадағалап, төсек температурасын бақылай алады және таңертең оята алады.


Ivee


Бұл – бүкіл үйді басқара алатын дауыстық көмекші. Ас үйдегі жарықты өшіруді, такси шақыруды, айтқан уақытта оятуды, ауа-райын болжауды, тіпті бүкіл әлем туралы сұрасаңыз да айтып, тапсырманы орындай алады.


ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕГЕ АРНАЛҒАН ГАДЖЕТТЕР:


Кез келген жаңа гаджеттермен кез келген нәрсені үнемдей аласыз.


Nebia


Бұлқұрылғының арқасында су шығынын 70% -ға дейін үнемдеуге болады, сонымен қатар тазалық пен жайлылықты бірқалыпты ұстап тұрады.


SmartyBrush


Тіс щеткасы тістерді мұқият тазалайды және қозғалыс жиілігін, күшін, тазалау уақытының ұзақтығын смартфоннан көрсетіп, нәтижені талдайды. Содан кейін, Сізге күнделікті тіс жуу салтын ұсына алады.


АСХАНА ҚҰРАЛДАРЫ:



Жаңа құрылғылармен нағыз шедеврлерді дайындап, үйде мейрамхананың тағамынан да дәмді ас пісіруге болады.


June


Аспаздың арманындағы нағыз қысқатолқынды пеш. Ішінде температура датчиктері, камера және ыдыс-аяқ үшін автоматты таразылар бар. Ас дайындау кезінде ішінде видео түсіруге де болады және «ақылды» пеш Сізге күнде әртүрлі ұсыныстарын айтып отырады.


Bruno


Smart-технологиялар қоқыс жәшігіне да жетті. Бұл «ақылды» шелек қоқысты шығаратын уақыт келгенін айтып отырады және өзінің шаңсорғышымен ұсақ қоқыстарды жинай алады. Тіпті, үйді тазалауды ескертіп отыратын жеке қосымшасы да бар.


Cove


Су сүзгісі өзінің ерекше технологиясымен ерекшеленеді. Олар лазерлік технологияны пайдалана отырып суды тазалайды және пайдалы заттармен байытады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Құрсақтағы балаға УДЗ жасап смартфоннан көре аласыз


2019 жылы екі бүктелетін смартфоныңыз болады

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет