​Кофе-шайды ЫСТЫҚТАЙ ұсынатын «ақылды» гаджеттер

0
6 523

Бұл сусындарды сіз де сүйіп ішесіз бе?


​Кофе-шайды ЫСТЫҚТАЙ ұсынатын «ақылды» гаджеттер

Күн салқындаған уақыттан бастап ыстық тағам, ыстық сусынға деген сұраныс артады. Бойды жылытудың бір амалы болғасын, әсіресе, шай мен кофенің саудасы жүреді. Үйде болсаңыз, ештеңе білінбес-ау, жиі-жиі шәугімнің буын бұрқырата қайнатып, жаңалап демдеп іше бересіз. Ал, жұмыс орнында мұндай сусындардың тәулік бойы қолжетімді болғанын әрі суымай сақталғанын қаласаңыз, мынадай гаджеттермен өзіңізді қамтамасыз етуге тура келеді.


«Ақылды» термос


Термос – бүгінде кең қолданыстағы ыдыстардың бірі. Әсіресе, қыстың суығында ыстық тамақ пен шайды қамтамасыз етуде сенімді көмекші. Ал, біз айтқалы отырған «ақылды» термос жай түрінен бірнеше есе пайдалы. Дәл қазіргі уақытта танымал болып тұрған Xiaomi брендінің кезекті өнімі. Сусынды тез суытпай тұрғанымен қоймай, электр желісіне қосылу арқылы оны қайта қайнатуға да мүмкіндік береді.

Термостың сыртқы қаптамасы төзімді пластиктен жасалған. Соның арқасында ұстағанда қолды, ішкенде ерінді күдірмейді. Ал, ішкі қабаты – тот баспайтын болаттан жасалғандықтан, «бұзылысқа ұшырап, сусын құрамын да өзгертеді-ау» деген күдікке жол бермейді.


«Ақылды» шәйнектер


«Қазіргінің балалары бізден ақылды» дегенді жиі еститін болдық. Шындығы сол, бүгінгінің баласы ғана емес, қолданатын тұрмыстық заттары да шетінен ақылды. Оның тағы бір дәлелі – түрлі функциялы бар шәугім-шәйнектер. Отқа қойып, тоққа жалғап қайнататындар бүгінде еш жаңалық емес. Қазіргі жаңалық:

  • Тайминг бойынша (белгіленген уақытта қосылып, уақытпен өшетін) жұмыс істейтін;
  • Қайнаған-қайнамағанын, температура деңгейін білдіретін түрл-түсті индикаторлы –

Қашықтан басқарылатын (смартфондағы Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы);

Суды сіз белгілеген қажетті температураға дейін ысытып, сол температураны ұстап тұратын;

осы және басқа да пайдалы функциялармен қамтамасыз етілген шәугім-шәйнектің сатылымнан біраз түрі табылады.


Кофе де, шай да керек болса


Отбасылық шай ішу рәсімін дайындағанда жанұяның әр мүшесінің қалауын ескергің келеді. Ал олардың бірі шай ішкісі келсе, екіншісінің кофені қалауы мүмкін. Осындайда екі сусынды бірдей демдеуге мүмкіндік беретін құрылғы құтқарады.

Құрылғының сыртқы тұғыры және ішінде екі бөлек шыны сауыты бар. Олардың бірі шай демдеуге, екіншісі кофе әзірлеуге арналған. Ал, сыртқы тұғыр электр желісіне эалғанып, сусындарды ысыту міндетін атқарады.


Әрі оятқыш, әрі кофе қайнатқыш


Хош иісі аңқыған ыстық кофе таңертең ұйқыны шайдай ашып, жаңа күнді сергек бастауға үлкен көмек. Алайда, сол кофеге жеткенге дейін өзіңді біраз желкелеуге тура келеді. Әіресе, таңғы салқында жылы төсекті қимау, ас бөлмеге барып кофе қайнатуға қолдың бармауы...

Бұл жағдайдан оятқыш-кофеқайнатқыш құтқара алады. Ол оятқышқа белгіленген уақытқа дейін хош иісті ыстық кофені дайындап, уақыт сәті жектенде шырылдап белгі береді. Осыдан кейін ұйқыңды ашпай, таңды қуанышпен атырмай көр. Кофесүйерлерге мұндай жақсылықты жақын адамы да күн сайын жасай алмас.


Қайта ысыту керек пе?


Жұмыс барысымен жүргенде кофе-шайды ыстықтай ішуге кейде мүмкіндік болмай жатады. Алып қойсаңыз да, уақытылы іше алмасаңыз, тез суып қалып, көңіл-күйді түсіреді. Суыған сусынды қайта ысытуға болады, әрине. Оның ең жеңіл жолы – арнайы ысыту функциясы бар саптыаяқ алу. Мұндай ыдысыңыз болса, бір нүктесін басу арқылы-ақ мәселеңізді оңай шеше аласыз.

Заманауи гаджеттер «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар жеткізумен» қатар, тұрмыстық шаруаларды да біраз жеңілдетуде.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Инстаграмдағы ең ТАБЫСТЫ әрі СҰРАНЫСҚА ие 7 мамандық


ҚЫСТА жанға да, бойға да ЖЫЛУ беретін гаджеттер