Күзде ЖАНҒА "ЖЫЛУ" СЫЙЛАЙТЫН гаджеттер

0
2 790

Жылулық пен жайлылық сыйлайтын құрылғыларды жан рахаты үшін қолданыңыз.


Күзде ЖАНҒА

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ккөктем мен жазға қарағанда күз мезігілін ұнататындар көп емес. Себебі, көптеген адам ауа райының жайлы болғанын қалайды. Дегенмен, бұлай болды екен деп табиғат құбылыстары өзгермейтіні анық. Сондықтан жаңбырлы күндерге толы жыл мезгілінің жайлы өтуіне көмектесетін құрылғыларды назарларыңызға ұсынамыз.


Қол жылытқышы әрі power bank – жаурамау және байланыста болуға көмектеседі

Ауа температурасы салқын кезде кей адамдар қолғап киеді. Ал, мұндай жағдайда смартфонды қолдану ыңғайсыз. Егер сізде hand Warmer портативті қол жылытқышы болса, бұл проблемаларды ойламай-ақ қоюға болады. Қалтаға салып жүре беруге қлайлы бұл құрылғының салмағы небары 150 грамм. 10 секундта қызады және толық қуатпен 10 сағатқа дейін жылуды сақтайды.

Гаджет қолды жылытып қана қоймай, құрылғыларды қуаттай алады. Сонымен бірге, 50 және 60 градустық екі режимі бар құрал денеге зақым тигізбейді.

Сыйымдылығы 4000 мАч-ді құрайтын батареясы кез-келген заманауи смартфонды қуаттауға жеткілікті. Корпусы пластикалық, соққыға төзімді және қолдан сусып кетпейді. Қызып кетуден қорғайтын қабілеті бар, бірақ ылғалдан қорғана алмайды. Сондықтан құрылғыны дымқыл қолмен ұстамауға тырысыңыз.


Электр көрпе – жайлы ұйқы үшін

Бұл көрпенің пульті түнгі шамның қызметін атқарады және тетігі бөлек болғандықтан мұны кір жуатын машинаға салып, ойланбай жуа беруге болады. Ең бастысы – оның жабдықтары көрпені кез келген ауа райында жылы етіп тұрады.

Көрпенің 10 режимі бар болғандықтан өзіңізге ыңғайлы температураны оңай таба аласыз. Әсіресе, тез тоңатындар үшін қарқынды жылыту және температураны ұстап тұру функциясы бар. Таймері қызып кетуден қорғайды. Көрпе көлемі - 150х200 см.

Ал, егер басқа өлшем немесе функциялар жиынтығы қажет болса, дүкеннен түр-түрін табуға болады.


Ақылды қолшатыр - кез-келген ауа райында серуендеуге арналған

Күзде қолшатыр Гарри Поттердің сиқырлы таяқшасы сияқты әрқашан қолыңда және пайдалы болуы керек. Ал, гаджеттерге қолшатырдың не қатысы бар деп ойлап отырсыз ба? Бірақ, біз қарапайым модельдер туралы емес, ақылды модельдер туралы айтып отырмыз. Мысалы, Xiaomi 90 Points деп аталатын кері қарай бүктелетін қолшатыр. Осылайша, су тамшылары төмен қарай ағып кетудің орнына ішінде қалады.

Модельде сегіз болат таяқша бар. Олар жел бағытына қарай бүктеліп, дауылда сынып кетуден сақтайды. Диаметрі 106 см. Сонымен қатар, кешкі серуен үшін қолшатыр сабына сәулесі 10 метрге дейін жететін шам орнатылған. Қолшатырдың ашып-жабатын түймесі жоқ. Оның орнына арнайы сөздерді айтып, бұйрық бересіз.


Аяқ киім кептіргіш

Күздегі мәселелердің бірі – жаңбырдан кейінгі шалшықтар. Ал, одан сақтанудың жалғыз жолы – резеңке етік екені белгілі. Бірақ, сәнді аяқкиім кию керек болатын болса, сізге аяқ киімге арналған кептіргіш көмектесе алады. Мысалы, Xiaomi Soothing Zero-Shoes Dryer деп аталатын гаджет бірден 55 °C дейін қызады және бұл температура өзгермейді. Жылу қыздыру элементінен 360 °C-қа таралады. Сондықтан гаджет аяқкиімнің барлық бөлігін кептіре алады.

Құрылғы ылғалды біркелкі және тез буландырып қана қоймайды, бактерияларды өлтіреді. Сондықтан аяқ киім құрғақ болып қана қоймай, қауіпсіз де болады.


Аяқ жылытқышы – компьютерде жылы отыру үшін

Теледидар немесе компьютер алдында отырғанда аяғыңызды жылы ұстау қажет. Ол үшін сіз жұмсақ тәпішке, тоқылған шұлық немесе аяқ жылытқышын таңдай аласыз. Мысалы, Warm Massager деп аталатын мына құрылғы аяқты жылытып қана қоймай, босаңсытатын массаж жасайтын көп функциялы модель.


Құрылғы аяғыңызды салатын жайлы тәпішкеге ұқсайды. Ішінде 56 °С температураны ұстайтын қыздыру элементі және массаж жасайтын роликтер бар. Қажет болса, жұмсақ жастықты шешіп, жылыту жастықшасын дененің әртүрлі аймақтарына: қолдар, аяқтар, арқа немесе мойынға арналған әмбебап массаж жастығына айналдыруға болады.


Температура сенсоры бар ақылды термос

Егер сіз шәйнекпен тек үйде шай іше алсаңыз, термоспен сүйікті сусын әрқашан жаныңызда болады. Егер бұл ақылды термос болса. Себебі, оның температурасын LED дисплейден де көруге болады. Гаджеттің корпусы тот баспайтын болаттан, ал сыртқы жабыны полипропиленнен жасалған. Термостың көлемі - 500 мл. Қос қабырғаның арқасында сусынның температурасы шамамен 12 сағат бойы сақталады. Жинақта шай немесе кофе сүзгісі болады. Толық қуаты біраз күнге жетеді.

Біз ұсынатын күзге арналған гаджеттер осы. Жылулық пен жайлылық сыйлайтын құрылғыларды жан рахаты үшін қолданыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Смартфонға арналған ЖЕЛДЕТКІШ те бар


Біздің ӨМІРІМІЗДІ ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРЕТІН жаңа гаджеттер пайда болды