МАСА мен КЕНЕДЕН қорғайтын құрылғылар

0
4 651

Жаз мезгілі келгеннен маса, кене сияқты жануарлар әлемінің "жағымсыз өкілдері" де жандана бастайды. Ал, олардан қалай қорғану керек?


МАСА мен КЕНЕДЕН қорғайтын құрылғылар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Маса-шіркейдің зияны тимес үшін арнайы тігілген киімдерді киюге болады, ал үйдің ішінде немесе қорғаныс киімін киюге ыңғайсыз жерлерде ше? Мұндай жағдайда Сізге масалар мен кенелерді қорқытуға және жоюға арналған төмендегі гаджеттер көмектеседі.


10. Weitech WK 0071

Зиянды жәндіктерден қорғайтын гаджеттер топтамасын ашатын бадминтон ракеткасына ұқсайтын қызықты, электрлі тормен жабдықталған құрылғы. Өзіміз білетіндей маса немесе шыбын кез келген жерге қона береді. Ал, мына электрлі торға жанасқан жәндіктер бірден жойылады кетеді.


9. Weitech WK–0029


Ғылым мен техниканың мына жаңалығы естілмейтін ультрадыбыстармен жұмыс істейді. Өндірушілердің айтуынша, бұл гаджетке масалар мен шіркейлер өздігінен қонады. Ал, қонғаннан кейін бірден өледі.


8. "Антикене" М


Ультрадыбыс тек масаларға ғана емес, кенелерге де әсер етеді екен. Ал, мына гаджет масалар мен кенелерді үркітетін белдік, оны тағып алуға және бір жерге бекітіп қоюға болады.


7. AmbiMax

Бұл құрылғы ормандарда, алқаптарда, аулада көптеп таралған кенелерге, сондай-ақ ұсақ жәндіктерге қарсы жұмыс жасайды. Шағын гаджет айнымалы жиіліктегі ультрадыбысты тарата отырып, бөлмені немесе ауланы ұсақ зиянкестерден толығымен тазартуға қабілетті.


6. Электрофумигатор РЕЙД


Конструкциясы өте қарапайым құрылғының ішіне пластина салып қою жеткілікті, ары қарай өздігінен жұмыс істейді және тыныш ұйықтауға болады. Гаджет бір бөлмені масалардан қорғай алады.


5. РАПТОР Mobile

Бұл – батареямен жұмыс істейтін және шаммен жабдықталған алдыңғы құрылғының жетілдірілген нұсқасы. Сонымен қатар, ол «картриджін» ауыстыру керек болғанда белгі береді.


4. ЭкоСнайпер GP2-4


Өте тиімді гаджет 30 шаршы метрге дейінгі аумақты кене, маса, шіркейлерден қорғай алады. Тек ескі жарықшамға ұқсас құрылғыны бір жерге іліп немесе орнатып қойсаңыз болды, одан кейін өзі жылу және көмірқышқыл газын бөле отырып, жұмыс істей береді. Айта кетейік, Экоснайпер үнемі электр желісіне қосылып тұруы қажет.


3. Бау-бақшаға арналған Sititek



Басқа құрылғылар қуаттауды, батареяны ауыстырып отыруды немесе электрге қосуды талап ететін болса, бау-бақшаға арналған Sititek толықтай күн энергиясымен жұмыс істейді. Ол ультракүлгін сәулемен жәндіктерді өзіне тартып, электр разрядымен өлтіреді. Сондай-ақ, көрінісі жағымды гаджет қолшам немесе үстел шырағы бола алады.


2. Масаларды қорқытушы ThermaCELL



Бұл құрылғы балық аулағанда, саңырауқұлақ жинағанда немесе табиғат демалысына шыққанда Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қызмет атқарады. Ол 20 шаршы метрге дейінгі аумақта өз картриджінен масалар мен кенелерге қарсы газ шашыратады және оларды қуып тастайды (газы толығымен табиғи және адамдар мен жануарлар үшін мүлдем қауіпсіз). Сондай-ақ, құрылғыны қуат көзіне қосудың қажеті жоқ.


1. KRN-5000 Турбо PRO


Масаларға қарсы ең жақсы гаджеттің бірі. Бұл тұзақ ретінде жұмыс істейді: жылу және қансорғыштар үшін тартымды иістерді бөледі; содан кейін, жақындаған жәндіктерді желдеткішпен сорып, электр қуатымен өлтіреді; тек оның қапшығын өлген маса-шіркейден босатып отыру қажет. Әрекет ету аймағы тұтас үйдің ауласы немесе футбол алаңымен тең болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Үй бақшасына арналған пайдалы гаджеттер


БҰЛ ЗАТТАР ыстық күнде Сізге өте қатты қажет болады