СІЗ қайсысын қолдандыңыз? 90-жылдары ХИТ болған гаджеттер

0
3 325

Дәл қазіргідей, ол жылдары да талайдың көңілін баурап алатын құрылғылар болған.


СІЗ қайсысын қолдандыңыз? 90-жылдары ХИТ болған гаджеттер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр дәуірдің есте қаларлық өзіндік ерекше дүниелері болады. Мысалы, қазір шамамен 25-35 жастағы адамдардың балалық шақтағы естеліктері түбегейлі өзгеріске ұшырап, «біздің заманымызда», «тоқсаныншы жылдары» деген тіркестермен әңгіме айтып отырады. Әрине, ол кезде де дәл қазіргідей «хит» гаджеттер болған.


1. Dendy

Dendy ойын құрылғысы тоқсаныншы жылдардағы барлық балалардың арманы болған. Тіпті ол жайлы теледидардан «Денди, Денди, біз дендиді жақсы көреміз! Дендиді бәрі ойнайды!» деген сөздері бар жарнама да көрсетілген екен. Ол теледидарға қосылып, сатып алған немесе басқа біреумен айырбастап алған катридждермен жұмыс істеген. Ал, сол кездегі ең сүйікті ойындардың қатарына – Super Mario, Contra, танкі және Чип&Дейл кірген.


2. «Тамагочтар»

Қазіргі балалардың арманы – смартфондар мен планшеттер болса, бұрын тамагочтар болған. Бұл электронды ойыншық үй жануары ретінде 1996 жылы Ресейде пайда болып, сол уақыттағы балалардың жүрегін бірден жаулап алған. Сондай-ақ, ойыншық екі нұсқада өндірілген: біріншісі – бірнеше ойыншықтан тұратын жиынтық, ал екіншісі жеке сатылатын бір ғана данасы. Қысқаша айтқанда, қазіргі смартфондарға жүктелетін «Tom» бағдарламасының шынайы түрі.


3. Лазер

Бұл гаджетті көбіне ұлдар қолданатын. Оның ерекшелігі – қызыл сәуле шығаратын құралдың бағасына байланысты 8, 16 және 50 түрлі бейнені кескіндейтін ауыстырмалы саптамалары болған. Тіпті, оларды ойын балалары 2010 жылдарға дейін қолданып келді.


4. Иілгіш қалам

Кез келген бағытқа майыса беретін тығыз резеңкеден жасалған бұл қаламдар 90-жылдардағы әр оқушының сөмкесінде болған. Сонымен қатар, осы қаламдар пайда болған кезде мектеп мұғалімдерінің жұмысы айтарлықтай қиындапты. Себебі ұлдар бұл кеңсе заттарын қару ретінде пайдаланып, үзіліс кезінде бір-бірін ұрып ойнайтын болған.


5. Атақты Nokia

Корпусы өте берік, оңайлықпен бұзылмайтын және қуаты көп уақытқа шыдайтын Nokia 3310 біз айтып отырған жылдардың басты жаңалығы ретінде белгілі. Тіпті, екінің бірі қол жеткізе алмаған, әлем бойынша аты аңызға айналған телефон алғаш өндірілгеннен бері 126 миллионнан астам данасы сатылған екен.


6. Game Boy

Жадына 66 ойын түрі кіріктірілген Game Boy құралы өзге гаджеттерге қарағанда әлдеқайда үздік болыпты. Бұл құралмен кейбір балалар кез келген жерде, кез келген уақытта, тіпті сабақ арасындағы үзілістерде де ойнаған көрінеді.


7. Спирограф

Алдыңғы гаджеттерден айырмашылығы – бұл құрал электроникаға жатпайды. Спирограф – ішінде диаметрі әртүрлі екі тесігі бар тікбұрышты сызғыш. Сонымен қатар, оған түрлі геометриялық фигуралар жиынтығы да кіріктірілген. Ол оқушылар үшін нағыз көмекші болған және қазір де дамыған түрлері қолданылады.


8. Кассеталық әуен ойнатқыш

90-жылдардың жастары құлаққап арқылы музыка тыңдау мүмкіндігін сыйлайтын әуен ойнатқыштардың әсерінен жаппай ән тыңдауға құмар болған. Бірақ, бұл құрылғы кәдімгі батареялармен жұмыс істейтіндіктен, қуаты тез азайып қалады екен. Алайда, айлалы жастар жұмыс істеу уақытын ұзарту үшін кассеталарды қалпына келтіріп кері орауға саусақ немесе қарындашты қолданатын болған.


9. Тетрис

Ал, тетрис – сол заманның ең қолжетімді және ең танымал электрондық ойыншығы. Сірә, бұл құралмен ойнамаған бала жоқ шығар...


10. Фотоаппарат

Қазір біз сөзбен айтқанда – әр қадамымызды суретке түсіре аламыз. Ал, бұрын әрбір суреттің құны өте қымбат болған. Өйткені, 90-жылдары фотоаппарат та, кадрлардың саны да шектеулі еді. Тіпті, ол кадрларды қағаз бетіне дұрыстап басу үшін «пленканы» өте мұқият алу керек болған.



Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЙНАНЫҢ да "АҚЫЛДЫ" түрлері шықты


Ноутбукқа СУ ТӨГІП алғанда НЕ істеу керек?