Смартфон дәретхана унитазынан да ЛАС болады!

0
6 410

Ғалымдар дәлелдеген.


Смартфон дәретхана унитазынан да ЛАС болады!

Гаджеттер мен заманауи технологиялар әлемінде қызықты ақпараттар өте көп. Алайда, ол мәліметтерді білмейтін адамдар да жеткілікті. Сондықтан біз өміріміздің маңызды бөлігіне айналған технологиялар жайлы қызықты фактілерді назарыңызға ұсынуды жөн көрдік.

1. Смартфон қоғамдық дәретханадағы унитаздан да лас. Мұны британдық ғалымдар смартфон корпусындағы бактериялардың санын есептегенде дәлелдеген. Қуанышымызға орай, смартфондағы микроорганизмдердің көпшілігі адам денесімен үнемі байланыста болып, денсаулыққа қауіп төндірмейді.

2. Смартон қолданушылардың жартысы номофобиядан, яғни ұялы телефоны жоқтықтан зардап шегіп, қорқыныш немесе алаңдаушылық пайда болады.

3. Су өткізбейтін гаджеттерді жапондықтар ойлап тапқан. Өйткені, ол елдің азаматтары ванна немесе душ қабылдағанда гаджеттерін өзімен алып кіруді ұнатады екен.

4. Көптеген смартфон қолданушылары қосымша бағдарламалар орната бермейді екен. Мәселен, АҚШ-тағы смартфон қолданушыларының 63%-ы ары кетсе 5 қана қосымша қолданатыны дәлелденген. Олардың YouTube, Facebook және бірнеше қарапайым мессенджерлер бар.

5. Қазіргі смартфондардың мүмкіншілігі 80-90 жылдары ғарыш кемелерін басқарып отырған компьютерлердіңкімен бірдей.

6. Қазір көптеген елдерге телефонды алысқа лақтырудан жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Кім алысқа лақтырса – сол жеңімпаз. Мұндай ерекше спорт түрінің отаны Финляндия болып саналады.

7. Әр смартфонға жылына шамамен 1000-нан астам қоңырау шалынады. Сондай-ақ, статистикаға сәйкес, орташа есеппен әр смартфоннан жыл сайын 1100-ден астам шығыс қоңырау жүзеге асырылады. Дегенмен, мессенджерлер көбейген сайын бұл көрсеткіш азайып келе жатыр.

8. Смартфоны бар үлкен жастағы адамдар орташа есеппен жылына 15000 хабарлама жолдаса, жасөспірімдер 20-22 мың, ал жас пайдаланушылар 5000-дай хабарлама жібереді.

9. Смартфондарды ұялы телефондар пайда болғаннан 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан. Алғашқы ұялы телефон 1973 жылы шығарылған десек, смартфондар 1993-1994 жылдары пайда болған. Яғни қарапайым телефондарды смарт құрылғыға айналдыруға 20 жыл қажет болды.

10. Көптеген адамдар смартфонды досы немесе жақын адамдарының телефонына ұқсатып алады.

11. Қолданыстағы әр смартфон тәулігіне шамамен 110 рет құлыптанып, ашылады.

12. Заманауи смартфондар камералардың орнын ауыстырды деп айта аламыз. Өйткені, дамыған елдердегі смартфон қолданушыларының жартысынан астамы смартфонның камерасына риза және жеке камера сатып алмайтынын жеткізген. Бұл смартфон камерасының сапалылығы мен суретті таратудың ыңғайлы болуының әсері.

13. Дүниежүзінде барлығы 5 миллиардтан астам мобильді құрылғы тіркелген.

14. Әлеуметтік желі қолданушыларының саны шамамен 3.5 миллиардтан асқан. Олардың 90 пайыздан астамы әлеуметтік желіге смартфон арқылы кіреді.

15. Әр секунд сайын ғаламторға жаңадан 11 адам қосылады.

16. Кенге қарағанда смартфондарда алтын көп. Нақтырақ айтқанда, кеннің бір тоннасынан 0,5-1 грамм, ал смартфонның бір тоннасынан грамм 40-42 алтын алуға болады.

17. Пайдаланушылар тәулігіне 3-10 сағатқа дейін онлайн режимде болады. Оған смартфондағы ғаламтордың қолжетімді болуы ықпал етіп отыр.

18. Бүкіл әлем ғаламтор желісіне смартфон арқылы қосылады.

19. 12 елде Интернеттің орташа жылдамдығы 100 Мбит/с-тан жоғары. Сингапур 190.9 Мбит/с көрсеткішімен көш бастап тұр.

20. Әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы – 25.1 Мбит/с. Бұл деректі Speedtest қызметін жасаушы Ookla компаниясы ұсынған.

21. Apple компаниясының мәлімдеуінше, iPhone, iPad және iPod touch-ты 0-ден +35 °C-қа дейінгі температурада ғана пайдалану керек.

22. Google.com – смартфон арқылы ең көп адам кіретін сайт. Екіншісі – YouTube, үшіншісі – Facebook.

23. Әрбір төртінші смартфон пайдаланушы ғаламторға кіргенде «видео» сөзін қолданады екен. Бұл видеоконтенттің танымал болып келе жатқандығының дәлелі.

24. Ең алғашқы смартфон – Ericsson R380s болып саналады. Ericsson компаниясы r380s моделін шығарған кезде "smartphone" терминін алғашқы болып қолданған.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

2021: iPhone 13-тің ЕШҚАНДАЙ түймесі болмайды

Кинодан ғана көрген ҒАЖАЙЫП гаджеттерді ҚОЛДАНА аласыз