​Смартфондарға арналған лайфхак

0
3 154

Қолыңызда смартфон бар. Кейде мынадай ең қарапайым әдістер сіздің смартфоныңызды пайдалануды жеңілдететінін білесіз бе?


​Смартфондарға арналған лайфхак

Қолыңызда смартфон бар. Кейде мынадай ең қарапайым әдістер сіздің смартфоныңызды пайдалануды жеңілдететінін білесіз бе?

1. Ылғалданған телефонды құрғату үшін


Телефоныңыз суға түсіп кетті немесе жаңбыр астында қалды. Тез арада құрғату керек. Не істейсіз? Оның әдісін біз айтайық. Смартфоныңызды ыдыс толы күрішке салып қойыңыз. 24 сағат бойы күріш толы ыдыста тұрса, ылғалдың бәрін тартып алады.

Одан бөлек силиконды шарлар (көбіне аяқкиімнің қорабында болады) толтырылған қалташаға салып қойсаңыз да смартфонды тез кептіреді.

2. Смартфон үшін қаптама жасап ала салыңыз


Смартфонның қаптамасы тозып қалды немесе сатып алуға ақша жетпей тұр. Ал смартфонды кездейсоқ құлатып алудан сақтау керек. Уақытша қаптама үшін кәдімгі шарды қолдана аласыз. Шарды үрлеп, ортасына телефонды тақап ұстаңыз да, шардың ауасын жаймен шығара бастайсыз. Шар телефонға қапталып киіліп қалады. Бірақ бұл аз уақытқа ғана жарайды.

3. Смартфон үшін түпқойма


Смартфоннан кино немесе түрлі видеолар көретініңіз белгілі. Бірақ оны үнемі қолда ұстап отыру ыңғайсыз. Осындайда түпқойма керек-ақ. Бірақ смартфон үшін арнайы түпқойма сатып алмайсыз ғой?!

Ол үшін кәдімгі көзілдірікті пайдалануға болады. Смартфонның астына кез келген көзілдірікті қажетті қалыпқа келтіріп жинап қоя салсаңыз болады.

4. USB-бау


Әдетте смартфондардың USB-бауы қажеттіден ұзын болып шатасып, әбігерге салады. Оның да шешімі бар. USB-бауды шиыршықтап қоюға болады. Ол үшін бауды қарындашқа жақсылап ораңыз да, шашкептіргішті барынша жоғары температурада қыздырып, 3-4 минут "кептіріңіз". Содан соң әбден суығанша күтіңіз. Қарындашты алып тастағанда, шиыршықталған USB-бауға ие боласыз.

5. Макрофото түсіру үшін


Смартфонмен макрофото түсіргіңіз келе ме? Онда объективке кішкентай ғана бір тамшы су тамызыңыз. Бастысы, су жан-жаққа жайылмауы керек. Енді суретке түсіріп көріңіз.

6. Смартфон үшін қарындаш


Арнайы қарындашы бар смартфондар қымбатырақ тұрады. Смартфон бетінде сурет салуды ұнатсаңыз, оны қолдан-ақ жасап ала аласыз. Кәдімгі қарындашты түгелдей фольгамен ораңыз. Енді смартфон немесе планшет бетіне сызып көріңіз.

7. Смартфонды тез қуаттау үшін

Смартфонның қуаты "өлді", тез "тірілту" керек пе? Смартфонды мүлде өшіріп барып қуаттаңыз. Әдетте жарты сағатта қуатталатын болса, енді 15 минутта толық қуаттап аласыз. 15 минутта әлемде ештеңе өзгеріп кете қоймас.

8. Дауыскүшейткіш


Смартфоннан ән тыңдағанды ұнатасыз, бірақ оның даусы алысқа ұзай қоймайды, иә?!

Ендеше оны шыны немесе темірден жасалған ыдысқа салып барып қосыңыз. Әдеттегіден күшейіп шығады.

9. Жарық өшіп қалғанда...


Смартфон жарығын кейде қолдануға тура келеді. Бірақ үлкен бөлмеге оның жарығы жеткіліксіз. Сондай сәтте смартфон жарығының үстіне түссіз бөтелкеге су құйып қойыңыз. Бір шамның дерлік жарығын береді.