Смартфонды СОЛ жақ ҚҰЛАҚҚА қойып сөйлескен дұрыс – ғалымдар

0
3 709

Ғалымдар ұялы телефондардың миға қалай әсер ететінін және олардың әсерін қалай азайтуға болатындығын түсіндірді.


Смартфонды СОЛ жақ ҚҰЛАҚҚА қойып сөйлескен дұрыс – ғалымдар

ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ұялы телефондардың адам денсаулығына қалай әсер ететіні әлі толықтай зерттелген жоқ. Дегенмен, смартфонды үнемі қолданатын адамдар «гаджет көру қабілетінің нашарлауына және жүйке жүйесінің зақымдалуына, ми қатерлі ісігі мен ісіктердің басқа түрлерінің пайда болуына сеп болады» деп қорқады. Бұл рас па?


Ұялы телефон және радиация

Ұялы телефондар радиожиілік энергиясын немесе дене тіндеріне сіңетін радио толқындарын бөледі. Швейцарияның «тропикалық зерттеулер және қоғамдық денсаулық институтының» экологиялық әсер ету және денсаулық сақтау бөліміні мамандарының айтуынша, сәулеленудің бұл түрі қауіпті емес. "Смартфондарда теледидар мен радио секілді радиосәуле өте төмен. Олар шығаратын сәулені иондаушы, радиоактивті немесе рентген сәулелерімен салыстыруға келмейді", - дейді олар. Яғни, сәулеленудің бұл түрі ДНҚ құрылымына тікелей зақым келтірмейтін көрінеді.


Алайда, кейбір зерттеушілер смартфонды жиі қолданатындарда ми ісіктерінің белгілі бір түрлерінің пайда болатынын айтады. Десе де, щвейцариялық ғалымдар бұл ақпараттың ретроспективті және онкологиямен ауыратын науқастардың бұрын смартфондарды қаншалықты жиі қолданғаны туралы сауалнама негізінде жасалғанын және бұрмаланғанын айтып отыр.

Мұны Бристоль университетінің эпидемиология және денсаулық сақтау саласының мамандары да растайды. Олардың айтуынша, егер ұялы телефонды жиі пайдалану ауыр аурулардың қаупін едәуір арттырса, ол ғылыми әдістердің арқасында тез анықталатын еді.


Смартфон есте сақтау қабілетін төмендетеді

Жоғарыда айтылған ақпараттарға қарап, ұялы телефонның радиотолқындары біздің миымызға мүлдем әсер етпейді деуге болмайды. Өйткені, соңғы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, смартфондар жасөспірімдердің есте сақтау қабілетіне теріс әсер етеді. Мұны айтқан ғалымдар бір жыл ішінде смартфонды жиі қолданатын 12-17 жас аралығындағы 700 жасөспірімнің жадын тексерген. Олардың айтуынша, смартфондардан бөлінетін электромагниттік сәулежасөспірімдердің ақпаратты, әсіресе дерексіз бейнелерді есте сақтауына теріс әсер ететін көрінеді. Бұл жағдайда тікелей әсер тек телефонмен сөйлесу кезінде болады екен. "Мобильді құрылғы басына жақын болған кезде радиацияның 80 пайызы сіңеді", - деп түсіндіреді олар. Бір қызығы, телефон оң құлаққа жақын тұрған кезде жад функциясы радиотолқындарының теріс әсеріне көбірек ұшырайды. Ғалымдар мұны бейнелі жадқа жауап беретін мидың бөліктері негізінен оң жарты шарда орналасқандығымен байланыстырады. Сондай-ақ, хабарламалар жазу, фотосуреттер мен бейнелерді қарау, ойындар, мобильді интернетті пайдалану есте сақтау қабілетіне әсер етпейді қатты әсер етпейді екен.


Смартфон және жүйке жүйесі

Қазір телефонды өте көп қолданатын кей адамдардан жағымсыз әрекеттерді жиі байқаймыз. Ал, білікті мамандар жүйкеге зақым келмес үшін смартфонмен сөйлескенде сол жақ құлақты немесе дыбыс зорайтқаш пен құлаққапты қолдануды ұсынады. Әсіресе байланыс нашар жерде сақ болу қажет. Өйткені, бар әлемді жаулаған құрылғы дене мүшелерінен бұрын мінез-құлықтың бұзылуына соқтырады. «Ұялы телефондарға тәуелділік адамдармен қарым-қатынас жасауға, психикалық денсаулық пен әл-ауқатқа кері әсерін тигізетіні бұрыннан дәлелденген", - дейді ғалымдар. Мысалы, 2015 жылы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, смартфондарды көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысы нашар және тез шаршайтыны анықталған. Демек, бұл тұрғыдан аталған гаджет өте зиянды. Барлығы телефонды қалай, қанша уақыт қолданатыныңызға байланысты.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ұсталған телефонды ҚАЛАЙ тексеріп алу керек?


Көлікте ҚАЛЫП КЕТКЕН телефон ЖАНЫП кетуі мүмкін