Телефонды қанша уақыт ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

0
3 083

Кез-келген ата-ана психологтардың кеңесін ескеруі қажет.


Телефонды қанша уақыт ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

Қазіргі балалардың біршамасы смартфондар мен гаджеттерге тәуелді. Ал, жарқын виртуалды әлемге деген құштарлық олардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп, психологиясында да зиян тигізуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Тәуелділіктің қалай алдын алуға болады? Балаға телефонда қанша уақыт отыруға болады? Осы мәселелерді түсінуге тырысайық және балалар үшін оңтайлы экран уақытын анықтайық.


Экран уақыты дегеніміз не және оны не үшін шектеу керек?

Экран уақыты – бұл смартфон, планшет, компьютер немесе теледидар сияқты гаджеттердің экранына қарап өткізілетін уақыт. Зерттеулерге сәйкес, баланың мультимедиялық құрылғылармен ұзақ мерзімді өзара әрекеттесуі оның денесінің жалпы жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, гаджеттерді ұзақ уақыт қолданған кезде әр түрлі жастағы балаларда ұйқының бұзылуы байқалады, бұл мінез-құлық проблемаларына әкеледі. Қазіргі мамандар "гиперактивтілік" және "мазасыздық" диагноздары смартфондар мен планшеттерге ерекше бейімділігі бар балаларға қойылады деген пікірде. Әрине, гаджеттерді дұрыс қолдану дамуға ықпал етеді, алайда баланың олармен өткізетін уақыты өзекті болып қала береді.

Балаларға арналған экран уақыты

Балаға телефонмен қанша уақыт өткізуге болады? Бұл мәселе қазіргі қоғамда өте өзекті. Себебі, Педиатр дәрігерлер бір ауыздан «экран уақытының көптігі кез-келген жастағы баланың дамуына теріс әсер етеді» деген пікірін айтып отыр. Ал, күнделікті экран уақытын есептеу баланың жас ерекшеліктеріне, хоббиіне және қажеттіліктеріне байланысты өзгеруі керек. Назарларыңызға американдық білім беру жүйесі анықтаған оңтайлы шектеулерді ұсынамыз:


Тоддлерлер (1-2 жас)

Норма: бірнеше минут.

Кішкентай балалар ең алдымен физикалық белсенділікті және жақын адамдарымен тікелей қарым-қатынасты қажет етеді.


Мектеп жасына дейінгі балалар (3-4 жас)

Норма: 1 сағатқа дейін.

Мектепке дейінгі жаста балалар кейіпкерлердің сюжеті мен әрекеттерін түсіне бастайды, алайда, ата-аналар мультфильмдерді алдын-ала қарау уақытын жоспарлауы керек.


Бастауыш сынып оқушылары (5-10 жас)

Норма: 1-1,5 сағат.

Осы кезеңде баланың техникалық дағдыларын дамыту өте маңызды, сондықтан ойын-сауық пен пайда арасындағы тепе-теңдікке ұмтылу маңызды.


Жасөспірімдер (11-13 жас)

Норма: 2 сағатқа дейін.

Жасөспірім кезеңінде бала тәуелсіз болады және пайдаланылған экран уақытының мөлшеріне дербес жауап бере алады. Мұндайда гаджеттерді шамадан тыс пайдаланудың кемшіліктері мен зиянын бақылауға көмектесу, кеңес айту жеткілікті.


Отбасы

Норма: өзгермелі.

Гаджеттер ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, сенімді қарым-қатынас орнату арқылы отбасын біріктіруге ықпал етеді. Мәселен, мультфильмдерді немесе отбасылық киноны бірге көрудің пайдасы мол.


Баланың телефонды пайдалану уақытын қалай шектеуге болады?

Баланың телефонды пайдалану уақытын шектеудің ең жақсы шешімі – сенімді әңгімелесу және бірқатар ережелерді белгілеу. Олардың арасында мыналар болуы мүмкін:

  • мультимедиялық құрылғыларды пайдалану ұзақтығы;
  • гаджеттерді пайдалану мақсаты;
  • құрылғыларды қолдануға болатын орындарды шектеу (тек үйде, қонақта және т. б.);
  • рұқсат етілген қосымшалар тізімі.



Осы орайда ата-аналардың бақылауына көмектесетін қосымшалар да бар екендігін атап өту керек. Олар тура ата–аналар сияқты мобильді құрылғыны пайдалануға арналған шектеулерді жүзеге асырады. Осындай қосымшаларды қолданудың артықшылықтары мынадай:


  • баламен сенімді қарым-қатынасты сақтау мүмкіндігі;
  • рұқсат етілген нақты шекараларды анықтайды;
  • баланың интернет қауіпсіздігін арттырады;
  • баланың назарын ең пайдалы шешімдерге аудару мүмкіндігін жасайды;
  • телефонға тәуелділіктің ықтималдығын азайтады.



Қолданбаларды пайдалануды бастамас бұрын психологтардың ұсыныстарын ескеру қажет

Балалардың телефондағы уақытын шектейтін қосымшаларды қолдануды бастамас бұрын, балаңызбен келесі тармақтарды талқылау арқылы келісім-шарт жасасу маңызды:

  • құрылғыны пайдалану уақыты;
  • оқу, ойнау және қарым-қатынас кезеңдерін бөле отырып, қолжетімді желі мен экран уақытын бөлу ерекшеліктері;
  • әр түрлі типтегі қосымшалардың лимиттерін анықтау (аптаның күндері бойынша уақытты өзгертуге болады);
  • қағаздағы шартқа қол қою, қол алысу, құшақтау немесе шарттардың келісілгенін растайтын кез келген басқа рәсімді орындау;
  • сынақ мерзімін, ережелерді қаншалықты ұстану керектігін, уақыт жеткіліктілігі мен келісім шарттарын өзгерту қажеттілігі бар-жоғын талқылайтын күнді анықтау.


Ең бастысы – гаджеттерді пайдалану уақытын шектеу барысында кез-келген ата-ана балаға дұры мінез-құлық үлгісін көрсетуі қажет.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Коммуналдық шығынды ҮНЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫЛАР


ИНТЕРНЕТ пен ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ қатысты ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ деректер

Бөлісу