Телефонның ЖАРАМАЙ қалатынын МЫНА БЕЛГІЛЕРІНЕ қарап біле аласыз

0
6 120

Шығынға батқыңыз келмесе, дұрыс әрекет етіңіз.


Телефонның ЖАРАМАЙ қалатынын МЫНА БЕЛГІЛЕРІНЕ қарап біле аласыз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір ес білетін адамның бәрінде телефон бар шығар. Өйткені, күн сайын бізге көптеген мүмкіндік сыйлайтын құрылғының түрі көбейіп, қызметі тоқтаусыз жетілдіріліп келеді. Оған қоса, өзіңізге қолайлы бағадағы телефонды оңай тауып алуға болады. Тіпті, бірер жылда теледидар, компьютер секілді құрылғылардың орын басатын осы смартфондар болатын секілді. Бірақ, бұл гаджеттің «ғұмыры» мәңгілік емес. Ескіріп немесе қандай да бір себептермен тез бұзылып қалса, таң қалудың қажеті шамалы. Дегенмен, құрылғысын өте ұқыпты ұстайтындардың смартфоны тек уақыты келгенде ғана бұзылады.


Сонымен, бар адамның жүрегін жаулаған гаджеттің жуырда бұзылатынын мынандай белгілерге қарап білуге болады.


1. Экранның шынысы сынса

Егер сіз телефонды түсіріп алып, басып кетіп немесе қандай да бір себеппен экранына зақым келсе, жұмыс істей береді. Алайда, сол зақым келген жер одан сайын асқынып, дисплейінен айырылып қалуыңыз мүмкін. Өйткені, ол сұйық кристалды матреиалдан жасалады. Сосын, экраныңыз тас түнек күйге жетіп, құрылғыны қолдана алмай қаласыз. Сол үшін соққы дисплейге тимей тұрып жөндетуге тырысыңыз.


2. Қуаты тез таусыла бастайды

Қазіргі смартфондар қуатты өте көп тұтынады да, батареяңыз тіпті бір күнге жетпей қалады. Ал, телефонның қуаты одан да тез таусылатын болса, ол батареяның тозғаны. Әрине, бұл ауыстырылатын батареясы бар телефондар үшін мәселе емес, бірақ қазір ондай смартфондар өте сирек кездеседі. Оның үстіне iPhone, Meizu, Xiaome, Samsung, LG секілді ең танымал смартфон өндірушілер де өз өнімдерінің батареясы ауыспайтын етіп шығарып жатыр. Әрине, ондай күйдегі батареяны ебін тауып қолдана беруге болады. Бірақ, дәл осы себеппен телефондардың өртеніп кетіп жатқанын жиі еститін болдық. Сондықтан сақтану қажет ақ.


3. Түсірген фотосуреттер жоғалады немесе сапасы нашарлайды

Бұл телефонның NAND чипіндегі жад ұяшықтары тозғанын және кейбір мәліметтер дұрыс жазылмайтынын білдіретін өте қауіпті белгі. Мұндай белгі байқалса, өзіңізге қажетті деректің барлығын өшіп кетпей тұрып көшіріп алуға тырысыңыз. Сонымен қатар, бұл өзгеріс бағдарлама мен қосымшаларға да кері әсерін тигізеді.


4. Телефон қатты қыза бастайды

Сіз ғаламторды белсенді қолданғанда немесе ойын ойнағанда телефонның қызатынын байқайтын боларсыз. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені интернетті пайдалану кезінде микроконтроллердің графикалық өзегі күшейтілген режимде жұмыс істейді және сол себепті көп жылу шығарады. Алайда, егер сіз желілік функцияларды немесе ойындарды пайдаланбаған күннің өзінде телефон қызатын болса, бұл құрылғының микроконтроллерінің тозғанын немесе оның қызып кетуіне әкелетін ақаулары, микроконтроллерді құрылғыға орнатуда физикалық проблемалар бар екенін білдіреді. Осы себептерге байланысты гаджет электр қуатын шамадан тыс тұтынып, нәтижесінде қызып кетеді. Ал, мұндай ақаудың соңы телефонның мерзімінен бұрын жарамай қалуымен аяқталады.


5. Сенсорлық панельдегі қателіктер

Телефонның бетін басқанда бас нәрселер басылып кететін жағдай да таңсық емес. Немесе телефон «қуып» жұмыс істей бастайды. Егер осындай жағдай орын алса, гаджетті бірден жөндеткен жөн. Өйткені, бұл құрылғының қуат тарату жүйесінде ақау барын білдіреді. Соңынада смартфонсыз қалуыңыз әбден мүмкін.


6. Телефон сұйықтыққа түсіп кетсе

Мұндай жағдайда құрылғыны кептіргенімен, оның қызмет ету мерзімі алысқа ұзамайды. Өйткені қазіргі микроэлектрониканың негізгі талабы – тазалық. Қазіргі электрондық компоненттердің кішкентай болғаны соншалық, тіпті шаң жабысса қысқа тұйықталуға түседі. Ал, суға түскен телефонның жабдықтары міндетті түрде тот басады да, құрылғы істен шығып қалады.


7. Телефон өздігінен өшіп қала береді

Смартфонының қуаты жеткілікті болса да өздігінен өшіп қалатын жағдай бәріміздің басымызда болған шығар. Бұған әдетте екі түрлі себеп болады. Біріншісі- батареяның ескіруі болса, екіншісі микрожабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуі. Алдымен батареяны ауысытырып көру қажет. Егер ол нәтиже бермесе, телефон жөндейтіндерге барған дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Компьютер СОҚЫР қылмасын десеңіз, мына шараларды ҚОЛДАНЫҢЫЗ


Apple компаниясы биыл ҚАНДАЙ құрылғылармен таңқалдырады? Таныса отырыңыз