Түкке пайдасы жоқ гаджеттер (ТОП-10)

0
2 899

Бір ғалымдар басын қатырып жаңа, жетілдірілген технологиялық құрылғылар жасап жатса, басқа біреулері олардың тұтынушыларға мүлдем пайдасыз екенін айтып, өз жаңалығымен таң қалдырады. Мұндай жаңалықтарға көңіл бөлген дұрыс. Сондықтан, оқырмандарға бұрыс жасалған 10 пайдасыз гаджеттер туралы ақпарат ұсынамыз.


Түкке пайдасы жоқ гаджеттер (ТОП-10)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Мүлдем пайдасыз гаджеттер, бұларды сатып алудың қажеті жоқ!


1. Заманауи «үй жануары» – USB-тасы

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл гаджет қазіргі замандағы тас жинау әуесқойлары үшін жасалған, тіпті USB кабелі арқылы компьютерге қосылады екен. Құрылғы энергия тұтынбайды және ешқандай қызмет атқармайды, демек сән үшін ғана. Сонда, қарапайым «үй жануарын» не үшін сатып алып, не үшін үйге әкелу керек? Бұны сатып алу – жолдан тауып алған қарапайым тасты үйге әкеліп, сосын жұмыс үстеліне қойып, айына бір рет шаңнан тазалап отыру емес пе?! USB-тасы – ең пайдасыз гаджет!


2. IРhone-ға арналған ретро үлгідегі тұтқа


IPhone иелері үшін керемет жаңалық! Өткен дәуірдің ең керемет гаджеті болған телефон тұтқалары сатылымда жүр және сұраныс күн сайын көбеюде. Серіппелі сымы бар үлкен тұтқа (үй телефонындағыдай) құлаққапқа арналған ұяға қосылады және осы тұтқа арқылы сөйлесе аласыз. Бірақ, оны ұстап жүру ыңғайсыз, тіпті тұтқаға арналған сөмкені арнайы сатып алу қажет болады. Оны ұрлатып алу да оңай. Сонда, бұл адамдарға сәннен басқа не үшін керек?


3. Балғындық әрқашан және барлық жерде – қалта себезгісі

Түсінсеңіз, бұл гаджетті жасаушылардың қиялы өте қызықты. Жағдайды елестетіп көрейік: Сіз саябақта күніге жүгіресіз, бір күні кенеттен маңызды іскерлік келіссөзге баруыңыз керек болды. Мейлі, сол күні қалта себезгісін өзіңізбен алып шығыпсыз. Барлығы өте оңай шешілді: он литр су тауып алып, себезгі қалтасына құйып, оны ағашқа бекіттіңіз және жуынуды бастадыңыз. Бірақ, су жылымаған. Сонда денсаулықты жақсарту үшін жүгіргеніңіз қайда қалады?


4. Күмәнді көмекші – лазерлік көрсеткіші бар қайшы

Бұл өнертабыс – көптеген отандық және шетелдік сауалнамалардың көрсеткіші бойынша «ең пайдасыз гаджеттер» тізімінде көш бастап тұр. Дегенмен, қайшылар тұтынушыларға ыңғайлы болып жасалған сияқты – лазерлік сәуле кесу қажет сызықты көрсетеді. Бірақ бұл сапалы және ұқыпты кесуге кепілдік бермейді. Себебі, қайшылардың түрлі өлшеміне байланысты лазерлік сәуле қолыңызбен бірге қозғалады және сызық тура болмайды. Демек, бұл қайшы Сізге көмектеспейді!


5. Тостер-принтер

Жарық қосулы болуы керек! Әрдайым сүт сатып алу керек! Құрылғы бұзылмау керек! Сонда ғана бұл тостердің көмегімен таңғы ас дайындалады. Бірақ, оның жасаған асы тек киноларда ғана дәмді әрі сапалы болады. Сол себепті ол — пайдасыз гаджет!


6. Пайдасыз қорап – Useless Box

Бұл қарапайым және мүлдем пайдасы жоқ құрылғы бір ғана «қосу және өшіру» батырмасы бар пластикалық қорапша түрінде жасалған. «Қосу» түймесін басқаннан кейін корпустан роботтың қолы шығып, «өшіру» түймесін басады және ерігіп отырған адам солай ойнауды жалғастыра береді, одан артық ештеңе жоқ. Сонда, бұл өнертабыстың пайдасы не? Иә, ешқандай пайдасы жоқ!


7. Сәнді ілгек – mp3 ойнатқыш

Жапондық ғалымдар әзірлеген mp3 ілгекке тек қана әннің табынушылары қызығытыны сөзсіз, тіпті олардың да барлығы бірдей ұната бермейді. Бұл жоғары технологиялық құрылғынының ешбір түймесі жоқ және басқару қиын емес — ары-бері сырғыту жеткілікті. Сонымен қатар, айтарлықтай пайдасы да жоқ, тек іш пысқан кезде ермекке жарайтыны болмаса...


8. Затын жоғалта беретіндерге – баста тұратын тетік

Теледидардың тетігін үнемі жоғалтатындарға арналған тамаша американдық өнертабыс.Бұл тетіктер қалпақ сияқты баста тұра береді. Керек кезде басыңыздан ала саласыз. Бірақ мұндай гаджетті пайдалы құрылғы деп атай көрмеңіз! Қысқатолқынды сәулелердің денсаулыққа қалай зиян тигізетінін барлық адам білетін шығар.


9. Стресске қарсы гаджет

Құрылғы пайдалы сияқты. Сегіз түймесі бар, оларды бассаңыз ішіндегі сілтілер ыдырайды. Бірақ одан рахат тыныштық таппайсыз! Тек балалық шағыңыз еске түсуі мүмкін. Бұл гаджетті әзірлеушілер сатып алып, қоқысқа лақтыру үшін дайындаған секілді.


10. Әмбебап көмекші – таразы бар «тышқан»

Бұл американдық гаджет өте қарапайым. USB тінтуірдің корпусын алып, 1-ден 500 грамға дейінгі заттардың салмағын өлшей аласыз. Гаджетті жасаушылардың қиялын әркім өзінше түсінгісі келіп уақыт құртады, одан басқа ешқандай пайдасы жоқ. Сонымен қатар, не істерін білмей отыратын адамдарға көмегі тиюі мүмкін.


Қазіргі заманда осындай да дүниелер бар!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Келешекте «ақылды» үйіңізде «ақылды» гаджеттер болады (ТОП-шолу)


Құрсақтағы балаға УДЗ жасап смартфоннан көре аласыз