Ұялы телефонның сіз білмейтін құпиялары бар

0
14 127
Қазіргі таңда қайда барсақ та жанымызда жүретін, жоқ болса іздеп кететін дүние – ұялы телефон. Ал осы пайдаланып жүрген ұялы телефон қарапайым дүние емес екенін білесіз бе?

Ұялы телефонның сіз білмейтін құпиялары бар

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Егер, сіз ұстап жүрген ұялы телефоныңыздың қыр-сырын толық білемін десеңіз, қателесесіз. Өйткені, телефонның біз білмейтін ішкі құпиялары жетерлік. Сондықтан, мен сіздерге өзім білетін ұялы телефонның құпиялары туралы бірнеше кеңес ұсынамыз.

• Төтенше жағдайға байланысты көмек шақыратын 112 нөмірін терсеңіз, ол әлем бойынша өте жылдам тарайды. Ол нөмір сіз байланыс аясынан тыс жерде болсаңыз да, телефоныңыз құлыптанған режимде тұрса да істей береді. Сондай-ақ, телефоныңыздан 112 нөмірін теріп, тиісті органмен байланысқан жағдайда олар сіздің тұрған жеріңізді сол мезетте-ақ анықтап шұғыл шараға кіріседі. Мұны өз өміріңіздің қауіпсіздігі үшін біліп жүрген артық болмайды деп ойлаймын.


• Даладағы қолайсыз ауа райында телефоныңызды қолданбаңыз. Себебі, ұялы телефоныңызды қолайсыз ауа райында қолдану қуат күшінің жұмысын айтарлықтай әлсіретеді. Ондай ауа райында ұялы телефонды тек қатты қажет кезінде ғана қолданған дұрыс.


• Сондай-ақ, телефонды түні бойы қуат көзіне қоюға болмайды. Мамандардың айтуынша, телефонды 100%-ға дейін қуат көзіне қою аккумуляторы үшін зиянды.


• Ұялы телефоныңыздың қуат көзі 0%-ға дейін біткенін немесе 100%-ға дейін толғанын күтпеңіз. Өйткені, көптеген ұялы телефондарға орнатылған литий-ионды батареяларды 50-80%-ға дейін ғана қуаттандырса, өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады екен.

Бұл ақпаратты «Farbe Technik» компаниясының аккумуляторларға бөлшек жасау бөлімінің мамандары растаған.


• Қуаттағыш құралдың түпнұсқасын қолданғаныңыз жөн.

Өкінішке орай, қазір қуаттағыштың қолданыстағы түрі өте көп. Әсіресе, IPhone маркалы ұялы телефондарға арналғаны. Себебі, олардың қуаттағыш сымдары өте әлсіз келеді де, бұзылса жаңасын алуға тура келеді және «оригинал» қуаттағыш алу арзанға түспейді. Сіз түпнұсқа емес қуаттағыш құралды қолдану арқылы ұялы телефоныңыздың аккумуляторын біртіндеп зақым келтіре бересіз.

Сондай-ақ, ұялы телефондардың тоқ көзінде тұрып, сол түпнұсқа емес қуаттағыштың кесірінен жарылып кеткені жайлы тіркелген оқиғалардың да бар екенін айтқым келеді.


• Wi-Fi, Bluetooth және т.б. функцияларын өшіріп қойыңыз.

Пайдаланбайтын кезде, керексіз функцияларды өшіріп жүргеніңіз дұрыс. Өйткені, бұл функциялар телефондардың қуат көзін тез жұмсайды.


• Сонымен қатар, телефонның ішінде сақтаулы тұратын қосымша қуаты болады. Оны былай пайдаланасыз. Мысалы сіз қоңырау күтіп тұрсыз. Сосын телефонның заряды өшіп қалады. Ондайда телефонның қосымша акумляторын қосуға болады. Ол үшін *3370# белгілерін теру керек. Сол сәтте телефоныңызда сақталған қосымша қуат іске қосылып, бірнеше пайыздық «заряд» береді. Сосын қалауыңызша пайдалана бересіз. Ал кейін сіз телефоныңызды қуаттағанда қосымша аккумлятор қайта толады.

Бірақ бұл барлық телефонда бола бермейді.


• Ұялы телефонды аптасына тым болмаса бір рет өшіріп тұру керектігін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мамандардың айтуы бойынша, бұл телефон аккумуляторының жұмыс істеу мерзімін ұзартады.


• Ұялы телефоныңызға әрдайым құпия сөз ендіріп қойыңыз.

Көшедегі ұрлықтардың 40%-ы телефон ұрлығы екенін ескерсек, оны әрдайым құпия сөзбен қорғап жүргеніміз жөн болады. Егерде телефоныңызды ұрлап кетсе, ұры телефоныңыздың құпия сөзін аштырып, ішіндегі сіз жайлы мәліметтер немесе сіздің сақтап жүрген құпияларыңызды өшіріп тастайды.


• Телефоныңызды ұрлап кеткен жағдайда оны «жабық» режимге қоюға болады.

Телефон өзіңізде жүргенде оның сериялық нөмірін білу үшін *#06# белгілерін тересіз. Содан кейін экранға 15 саннан тұратын код шығады. Ол әр телефонда болатын жеке коды. Соны көшіріп алып, сақтап қойыңыз. Телефон ұрланған жағдайда әлгі кодты тиісті операторға хабарласаңыз, сіздің қолды болған ұялыңызды жабық режимге салып қояды. Содан кейін оның sim картасын ауыстырған күннің өзінде пайдалану мүмкін болмайды. Әрине, телефоныңызды қайтара алмасаңыз да, ұрлықшы пайдалана алмайды.


• Сіз кілтіңізді автокөліктің ішінде ұмытып кетіп, есігі жабылып қалды делік. Бұл жағдайда үйіңізде қосымша кілт болса, барып әуре болмайсыз. Үйіңіздегі адамға телефон соғыңыз. Содан кейін, ол кілтті қолына алады да, телефонның жанында ұстап, «ашу» тетігін басады. Сол кезде сіздің көлігіңіздің есігі ашылады. Бұл мәселе барысында, сіз бен кілттің ара қашықтығы қандай болса да бәрібір. Мың шақырым жерде болса да осылай ашып алуға болады, тек бір ғана телефон қоңырауы жеткілікті.


Міне, біз ұсынатын кеңестер осындай. Айта кетейік, қолданып жүрген телефондардың құпиясы мен мүмкіндігі бұл ғана емес. Күнделікті жаңарып жатқан брендтерде бірінен-бірі асып түсетін бағдарламалар орнатылып жатыр. Оларды білу үшін менің "Гаджеттер" айдарының кеңестерін оқи жүріңіз.

Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет