WI-FI-дың қандай ҚАУПІ бар екенін білесіз бе? Мамандар НЕ ДЕЙДІ?

0
6 825

«Марста өмір бар ма?» дегендей, бұл сұрақ та өте актуалды болып отыр.


WI-FI-дың қандай ҚАУПІ бар екенін білесіз бе? Мамандар НЕ ДЕЙДІ?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Адамдар вай-фай құрылғыларының зияны жайлы қашама мәрте айтса да, оны жұмыс орнына немесе үйіне орнататындарды саны азайып жатқан жоқ. Өйткені, адамдар бұл интернет желісінің зиянына қарағанда, пайдасын анық көріп келеді. Бірақ, оның адамға зияны болуы мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?


ЖАЛПЫ, WI-FI СИГНАЛЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Wi-Fi – бұл электромагниттік сигнал. Белгілі бір жиіліктегі радио сигналдары арқылы әртүрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуін (ақпарат беруді) қамтамасыз ететін сымсыз технология.


WI-FI СИГНАЛЫНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

«Вай-фай зиянды ма?» деген сұрақты өте аутуалды сұрақтар санатына жатқызуға болады. Мысалы, «Марста өмір бар ма?» дегендей ғой. Бірақ, ол туралы нақты мәлімет жоқ болғандықтан, ешкім бұл сұраққа 100 пайыз сеніммен жауап бере алмайды. Яғни, оны қолдану қажет пе, керек емес пе, шешімді әркім өзі қабылдайды. Дегенмен, көптеген зерттеушілер вай-файдың ықтимал қауіптілігі қандай екенін анықтауға тырысып, біраз бас қатырған. Сондықтан олар айтқан пікірлерді келтірейік:


«Wi-Fi-дың зияны туралы айтатын болсақ, қауіпті сигналдың өзінен емес, оның қуат деңгейінен қарастырған жөн. Егер, проблеманы сигналдан көріп, құрылғыны өзімізден алысқа орнатар болсақ, байланыс дұрыс орнамай қалады да, сигнал тарату қуатын одан сайын арттыруға тура келеді».


«Вай-фай сигналы кез-келген электромагниттік сәуле сияқты адам ағзасына ешқандай пайда әкелмейді. Мәселе оның қуатына байланысты. Демек, вай-фай қандай да бір мөлшерде зиян тигізеді деп болауға болады».



ВАЙ-ФАЙ СИГНАЛЫНЫҢ ЫҚТИМАЛ ҚАУПІ

Кей сарапшылар wi-fi-дан шашылатын сәулелер балалардың өте сезімтал ағзасына теріс әсерін тигізеді дейді. Олар балалардың сүйегі қатпаған, жүйке жүесі толық қалыптаспағанын алға тартады. Олардың пікірінше, сымсыз технология балаларда моториканың төмендеуіне, назар аудару процесінің әлсіреуіне және есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Ал, кей дәрігерлер Wi-Fi сәулелері ерлер денсаулығына, атап айтқанда, потенциал деңгейіне және шәуетінің сапасына зиян тигізуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, қуатты радио сигналы жасушаларға да әсер етіп, олардың жақындасуына және жасушаішілік температураның жоғарылауына ықпал етуі мүмкін көрінеді. Әрине, бұл теориялардың ғылыми дәлелі жоқ, бірақ мамандардың қорқынышы жайдан-жай пайда болмайды ғой...



ВАЙ-ФАЙ НЕГЕ ЗИЯНСЫЗ БОЛУЫ МҮМКІН?

Wi-fi сигналы басқа да радиотолқындар сынды өмірімзде жиі кездеседі. Мысалы, теледидар, радио, ұялы телефон да радио сигналдарын қабылдайтын құрылғылар қатарына жатады. Сондықтан, Wi-Fi сигналдарымен зақым келтіретін жалғыз гаджет болмауы мүмкін ғой.

Сондай-ақ, ғылыми-физикалық дәлелдер бойынша, Wi-Fi құрылғысының қуаты 63 милливатты құрайды. Ал, біз күн сайын қолданатын ұялы телефонның қуаты 1 ватт екен. Демек, ол Wi-Fi қуатынан он есе күшті болып тұр ғой. Оның үстіне, телефон әрдайым қасымызда болып, қалтамызға салып жүретін болсақ, вай-фай алыста тұрады. Әңгіменің басында айтқанымыздай, бұл деректердің барлығы нақты мәлімет емес. Тек салыстырмалы түрде ұсынып отырмыз.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖАУАПТЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Жалпы, денсаулық сақтау салысына жауапты мекмелер вай-файдың зияны бар немесе жоқ деп ресми мәлімдеме жасамаған. Бірақ, дәрігерлердің көпшілігі электромагниттік сәулеленуден, соның ішінде Wi-Fi сигналының ағзаға әсерін азайту үшін шаралар қабылдауға кеңес береді. Сондай-ақ, Wi-fi-ды бастауыш және орта мектептерде қолданбауға кеңес берді.



WI-FI-ДЫҢ ЗИЯНЫН ҚАЛАЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ?

Егер, сіз вайфай зиянды деп тұжырым жасасаңыз, қаупін азайту үшін алдымен оны қолданудан бас тарта салған дұрыс. Ал, көмегі қажет болса, оны адамдардан алыс жерге орнатыңыз. Сонда сіз ойлаған сигнал зияны әлсірей түседі. Сонымен қатар, Сарапшылар мынандай кеңестер ұсынады:

  • Wi-fi-ды адам көп уақыт болмайтын бөлмелерге орнатыңыз;
  • Wi-fi-ды түнде өшіріп қойыңыз;
  • балалар мен жүкті әйелдерді Wi-fi-дың қасына көп жақындатпаңыз;
  • Wi-fi арқылы көлемі үлкен ақпарат таратпауға тырысыңыз;
  • мүмкіндігінше жоғары сигналдық Wi-fi-ды сатып алмаңыз.


Әлбетте, әр адам таңдауды өзі жасайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қарияларға ОСЫНДАЙ құрылғыларды сыйлау қажет


Гаджетке кететін уақытты азайтудың ҚАРАПАЙЫМ әдістері