​ZTE телефоны қайта іске қосыла ма?

0
1 435

Сауда министрлігіне бұл мәселені шешуге тапсырма берілді" деп жазды Трамп Twitter-де.


​ZTE телефоны қайта іске қосыла ма?

фото kaspi.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қытайлық ZTE телекоммуникация компаниясының "қайтадан тездетіп бизнес жасауына" жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. azattyg радиосына сілтеме жасап.

"Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қытайлық ірі ZTE телефон компаниясының бизнесін қайта бастауы жолында ынтымақтастық орнатамыз. Қытайда өте көп адам жұмыс орнынан айырылды. Сауда министрлігіне бұл мәселені шешуге тапсырма берілді" деп жазды Трамп Twitter-де.

Қытайлық технологиялық компания бірнеше күн, АҚШ сауда министрлігі америкалық компанияларға ZTE-ге қосалқы бөлшек тыйым салған соң басты қызметін тоқтатқан еді.

Әлемде телекоммуникациялық құрал-жабдықтар жасайтын ең ірі компаниялардың бірі саналатын ZTE қосалқы бөлшектерді америкалық Qualcomm және Intel сияқты компаниялардан алады.