Бизнес-жоспарды қалай жазады?

0
3 648

Бизнес-жоспар​ - кәсіпкердің өз кәсібінде алдына қойған экономикалық мақсаттары мен оны жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген құжат. Бұл құжатты дайындау барысында өз кәсібінің нарықтағы жайы мейлінше ​зерттелуі керек.


Бизнес-жоспарды қалай жазады?

Кез келген кәсіптің көкке өрлеуі үшін сауатты бизнес-жоспар қажет. Сіз бизнес-жоспардың не екенін білесіз бе? Оны жазуда неге мән беру керек?

Бизнес-жоспар дегеніміз не?

Бизнес-жоспар - кәсіпкердің өз кәсібінде алдына қойған экономикалық мақсаттары мен оны жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген құжат. Бұл құжатты дайындау барысында өз кәсібінің нарықтағы жайы мейлінше зерттелуі керек.

Бизнес-жоспар не үшін жазылады?

Сіздің жоспарыңыз "Осы кәсіпке ақша салудың пайдасы бар ма?" деген сұраққа нақты жауап беруі керек. Әдетте бұл жоспар алдағы 3-5 жылға дайындалады. Онымен қоса ай және тоқсан сайынғы бөлімдерінде кәсіптің нақты қадамдары көрсетілуі керек. Бірақ қазіргі нарықтық кезеңде бизнес-жоспарды көпшілік 1 жылға дайындайды.

Бизнес-жоспар қалай жазылады?

Аталмыш жоспар барынша қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Қазіргі кездегі бизнес-жоспарлар шамамен 30-70 беттің аралығында болады. Ол жерде аннотация, түйіндеме және бизнес-жоспардың өзі жазылады. Ол эксперттер мен инвесторларға ұсынылатын жоспар болса тек нақты ақпараттарды:

  • Алдымен кәсіптің мақсаты яғни қандай биікке көтерілгіңіз келетінін нақтылайсыз. Одан кейін бәселестердің нарығын зерттеп, алдыңызға нақты тапсырмалар қоясыз;
  • Қызметіңіз немесе өніміңізге толық сипаттама. Оның пайдасы мен зияны, артықшылығы мен кемшілігін түзу;
  • Нарыққа жасалған сараптамадағы бәселестердің әлсіз тұстары, тұтынушылардың сұранысы көрсетілуі керек.

Керек кеңестер: Бизнес-жоспарды жазбас бұрын басқа кәсіпкерлердің жоспарланымен танысып шығыңыз;

Бизнеске дайындық та қыруар жұмыс, сондықтан мұқият болуға тырысыңыз;

Өз салаңыз бойынша тәжірибе жинап, көбірек ізденіңіз;

Моральді әрі физикалық тұрғыда дайын болған күні жазыңыз.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ