Dow Jones-тың құлдырауынан дағдарып қалған миллионерлер

0
257
Ең көп зардап шеккен миллиардер - Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясының басшысы Уоррен Баффет. Bloomberg Billionaires Index сарапшыларының мәліметінше, оның жиған дәулеті бір күнде 5,1 млрд долларға қысқарған.

Dow Jones-тың құлдырауынан дағдарып қалған миллионерлер

5 ақпан күні америкалық нарықтың рекордтық деңгейде құлдырауы салдарынан әлемдегі ең бай адамдар қаражатының біраз бөлігінен айрылып қалды. Атап айтқанда, ең дәулетті 500 адам 114 млрд долларын жоғалтқан деп жазады Bloomberg.

Ең көп зардап шеккен миллиардер - Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясының басшысы Уоррен Баффет. Bloomberg Billionaires Index сарапшыларының мәліметінше, оның жиған дәулеті бір күнде 5,1 млрд долларға қысқарған.

Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергке де оңай соққан жоқ. Ол кеше 3,6 млрд долларынан айрылып қалды. Ал, Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос болса 3,3 млрд долларға кедейлене түскен. Google корпорациясының негізін қалаушылардың бірі саналатын Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің әрқайсысы 2,3 млрд долларын жоғалтыпты.

Айта кетейік, 5 ақпан күні Нью-Йорк қаржы биржасындағы сауда сессиясының нәтижесінде Dow Jones Industrial Average индексі бірден 1175 тармақ бойынша құлдырап (4,6 пайызға), рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет