Франчайзинг: Бизнесте франшиза не үшін керек?

0
762

Ол сөз қандай мағына беретінін білесіз бе?


Франчайзинг: Бизнесте франшиза не үшін керек?

Кәсіпкерлер арасында франшиза сөзі жиі қолданылады. Ол сөз қандай мағына беретінін білесіз бе?

Франчайзинг деп - тауардың коммерциялық белгілерін немесе логосын жалға беруді айтамыз. Оны қалай пайдалану шарттарын франшизаны ұсынған адам мен алатын адам өзара шешеді.

Мұндай жүйе көптеген салаларда қолданылады. Екі жыл бұрынғы есеп бойынша, ел нарығындағы отандық франшизалық компаниялардың үлесі 20% пайыздан асады. Мұндай статистиканы Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы берген.

Нарықтағы бұл әдісті атақты Coca-Cola және McDonald’s сынды компаниялар қолданады және өз табыстарын осымен байланыстырады.

Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің бұрыннан қалыпты әдісі болса, біздің елімізге таңсық, қолданыла бастағанына 10 жылдан енді асқан. Дегенмен мамандар бұл жүйенің біздің елдің эконимикасының дамуында жақсы тәжірибе екенін айтады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @Karashash_esenbay

ERNUR.KZ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет