Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер

0
1 705

​ҚР Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY инвестициялық мүмкіндіктерді саралады


Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY инвестициялық мүмкіндіктерді саралады.

«Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты брифинг Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге арналды.

26 шілде күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен KAZENERGY қауымдастықтары«Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты дамуға арналған жаңа шешімдер» атты бірлескен брифинг өткізді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов және KAZENERGY қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастығы бойынша ақтарушы директор Талғат Қарашев қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ бен энергетика саласындағы ағымдағы ахуал жайы, KAZENERGY қауымдастығының қызметі, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу, сонымен қатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде: KAZENERGY Еуразиялық XII форумы және Дүниежүзілік Мұнай кеңесі отырысы (1-3 қазан, 2018 ж.) талқыланды. Өз сөзінде Әсет Мағауов жаңа инвестициялар тартуда икемді әрі ең бастысы тартымды жағдай құрудың маңыздылығын атап өтті. Ол жер қойнауын пайдаланушыларына заңнамалық базаны оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыс жайында айтты, оның нәтижесінде Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс пен жаңа Салық кодексі құрылды.

KAZENERGY төрағасының кеңесшісі Арман Сәтімов өз кезегінде Қауымдастық мүшелері мен елшіліктердің сауда, коммерциялық департаменттері және халықаралық ұйымдар корпустарымен ынтымақтастықты KAZENERGY Ғылыми-техникалық Кеңесі базасында дамытуды ұсынды. Оның айтуынша бұл жұмыс мемлекеттер арасындағы тауар айналымын арттарды.

Фото ашық дерекөзден алынды.

ERNUR.KZ.