Кәсіп бастағандарға арналған 5 көмекші сайт

0
2 088

​"Бір нәрсе істеу керек еді..." деп жүретін халықпыз, не істеу керек екенін білмей әлі де дал болып бизнеске идея таппай жүрсеңіз сізге керемет ұсынысымыз бар. Бүгін сіздер үшін биздес идеяның ошағы саналатын ең таудаулы 5 сайтты көрсетеміз.


Кәсіп бастағандарға арналған 5 көмекші сайт

"Бір нәрсе істеу керек еді..." деп жүретін халықпыз, не істеу керек екенін білмей әлі де дал болып, бизнеске идея таппай жүрсеңіз сізге керемет ұсынысымыз бар. Бүгін сіздер үшін биздес идеяның ошағы саналатын ең таудаулы 5 сайтты көрсетеміз.

1) openbusiness.ru - 2005 жылдан бері жұмыс істейтін Ресейдің жетекші сайттарының бірі. Онда шағын кәсіпкерлікке арналған бизнес-пландар мен франшизалар табуға болады. Сайттың ақпарына сенсек, Ресей мен ТМД елдерінің 700 000 кәсіпкерлері аталмыш сайттан бизнес идея алады-мыс.

2) homeidea.ru - Бұл жалпыға арналған бизнес идеялар форумы. Ол жерге тек Ресейліктер ғана емес, барлық желі тұтынушылары сұрақтарын қойып, өздерінің білімімен бөлісе алады.

3) biznesvbloge.ru - Бизнеске арналған блоктар жазуға арналған әлемдік сайттардың бірі. Ол жерден тың идеялар алумен бірге, өз жарнамаңызды беруге де мүмкіндігіңіз бар.

4) ideibiznesa.biz - Бизнеске енді келіп жатқандар үшін идеялардың әлемі. Идеялар ауыл мен қала жағдайына, бағыт-бағдарына байланысты бірнеше рубрикаларға бөлініп жазылған.

5) islandbusinessidea.com - "Бизнес идеялардың теңізі" деген мағына беретін бұл сайттан тек идея ғана емес, түрлі кеңестерді алуға болады. Мысалы "Бизнес жоспарды қалай жазу керек?", "Тығырықтан шығатын жолды кәсіпкер қалай көреді?" деген сынды сұрақтарға жауап алып, бизнес жайлы кітаптарды да алуға болады.

Мұнан бөлек әлемдік алаңда түрлі қызықты, әрі пайдалы сайттар көп. Біз бүгін бизнесті енді бастайтын жандарға арналған сайттардың тізімін ұсындық. Сіз қандай пайдалы сайттарды білесіздер, бөлісіңіздер?!

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ