Қазақстанның халықаралық резерві ұлғайды

0
1 300

​2018 жылдың ақпанында Қазақстанның халықаралық резерві өткен аймен салыстырғанда 0,15 пайызға, ал жыл басынан бері 1,95 пайызға артып, 90,802 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстанның халықаралық резерві ұлғайды

2018 жылдың ақпанында Қазақстанның халықаралық резерві өткен аймен салыстырғанда 0,15 пайызға, ал жыл басынан бері 1,95 пайызға артып, 90,802 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, ақпанда Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері көлемі 0,27 пайызға өсіп (қаңтар-ақпанда 2,24%-ға), 31,434 млрд долларға дейін жетті. Оның ішінде таза халықаралық резервтер 0,29 пайызға (+2,26% ), 30,915 млрд долларға дейін ұлғайды. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қорының активтері 59,368 млрд долларды құрап, 0,09 пайызға өсті (+1,8%). Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі 18,404 млрд долларды құрап, өткен айда 0,76 пайыз деңгейіндегі өсімді байқатты. Алтын активтер көлемі 0,41 пайызға, 13,03 млрд долларға дейін қысқарды.