Кәсіпте ROI сөзі нені білдіреді?

0
3 910

​Мықты кәсіпкерлер үшін бұл термин өте жақсы таныс. Өйткені олар ROI, яғни бизнесіндегі кіріс-шығындарын үнемі қадағалап отырады. Бизнеске тартылған инвестицияны есептеп, оның табысы мен шығын сомасы ескерілетін қаржы коэффициенті​.


Кәсіпте ROI сөзі нені білдіреді?

Мықты кәсіпкерлер үшін бұл термин өте жақсы таныс. Өйткені олар ROI, яғни бизнесіндегі кіріс-шығындарын үнемі қадағалап отырады. Бизнеске тартылған инвестицияны есептеп, оның табысы мен шығын сомасы ескерілетін қаржы коэффициенті.

ROI дегеніміз - бизнестегі шығындар мен кіріс деңгейін есептейтін метрика болып табылады. Оның нарықта бірнеше түрі қолданылады. Ал сіздер үшін біз ең қарапайым тәсілін ұсынамыз.

(Кіріс – өзіндік құн)/шығындар

Өзіндік құн - өнімге арналған баға, жеткізілуге бөлінетін қаржы, қызметкердер ақысы қоса есептеледі.

Кіріс - өнімнен немесе қызметтен түскен нақты қаржы соммасы.

Инвестиция көлемі - бұл инвестиция болатын жалпы қаржы.

ROI әдетте пайызбен, кейбір кезде бөлшек түрінде есептелінеді. Бұл көрсеткіш сондай-ақ, мынадай атауларға ие: инвестицияланған капиталдан түскен пайда, инвестициядан түскен пайда, қайтарым, инвестицияланған капиталдың кірісі, табыстылық нормасы. Сонымен қатар активтер, капитал, бизнестің негізгі қарыз сомасы, және басқа да ақшалай инвестициялар- инвестициялар сомасының мәні болуы мүмкін.


Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ