Несие тарихын қалай тексеруге болады?

0
1 762

Қазір несие алушылардың "Қара тізімге" түсіп қалмайын, несие тарихын бұзып алмайын деп әлек болатынын байқап жүрміз. Жалпы несие тарихы дегеніміз не? Жұрт неге "қара тізімнен" қорқады?


Несие тарихын қалай тексеруге болады?

Қазір несие алушылардың "Қара тізімге" түсіп қалмайын, несие тарихын бұзып алмайын деп әлек болатынын байқап жүрміз. Жалпы несие тарихы дегеніміз не? Жұрт неге "қара тізімнен" қорқады?

Несие тарихы дегеніміз не?

Несие тарихы деген - несиені алғаннан бастап, біткен күнге дейінгі аралықтағы барлық әрекеттер жазылған құжат. Ол жерде қанша қаражат алғаныңыз, оны қай айда қанша ақшамен төлегеніңіз, кешіктірген уақыттарыңыз сияқты барлық ақпараттар көрсетіледі. Бұл ақпараттар несие бюросында сақталады. Кейін тағы да басқа банктерден несие алатын болсаңыз, олар сіздің рұқсатыңызбен несие тарихыңызды көреді.

Несие тарихын қалай тексеруге болады?

Несие тарихын елімізде интернет арқылы онлайн тексеруге болады. Ол үшін электрондық-сандық қолтаңба мен банктің төлем картасы болса egov.kz арқылы 15 минутта көруге болады. Бұдан өзге де бірнеше жүйе бар.

"Қара тізімге" енгендерге несие беріле ме?

Несиені уақытылы төлемеу, қайтармау сіздің несие тарихыңызды бұзып "қара тізімге" енгізуі мүмкін. Ондай жағдайда келесі жолы несие беру немесе бермеуді сіз таңдаған банк өз талаптары бойынша анықтайды. Одан кейін несие берілетін болса, банк сенімсіздік танытып жоғары өсіммен беруі де мүмкін. Жалпы адамның несие туралы тарихы «Кредиттік бюро туралы» заңға сай 10 жыл сақталады.


Фото ашық дереккөзден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет