Несие беретін кезде әлеуметтік желідегі парақшаңызға да қарауы мүмкін

0
2 653

​Қазақстанда әлеуметтік желілер борышкердің кредит алуына көмектесе алады. Несиелік ұйымдардың дәстүрлі анкетасында ресми табыс туралы стандартты сұрақтар болады, сондықтан ақпаратты бұрмалау қаупі әрқашан бар.


Несие беретін кезде әлеуметтік желідегі  парақшаңызға да қарауы мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік желілер борышкердің кредит алуына көмектесе алады. Несиелік ұйымдардың дәстүрлі анкетасында ресми табыс туралы стандартты сұрақтар болады, сондықтан ақпаратты бұрмалау қаупі әрқашан бар. Әлеуметтік желі қолданушысы бір қарағанда өзі туралы көп ақпаратты жайып салады. Өзіне ұнаған жаңалықтарға, суреттерге лайк басады, өзі қызығатын топтарға жазылады, ұнаған музыкасын плейлистіне жүктеп алады, бұның бәрі клиенттің мінезін толыққанды сипаттап беруі мүмкін.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту бағыты қарастырылған. Бүгінгі таңда барлық 122 қала мен 1200 ауылдық елдімекенде интернет қолжетімді, бұл дегеніңіз Қазақстан халқының 73%-ы. 1800 ауылға байланыс желісін жүргізу жоспарланып отыр, осылайша тағы екі миллионнан астам қазақстандықтар өркениет игілігін пайдалана алады деген сөз. Халықтың басым бөлігінің интернетпен қамтылуы әлеуметтік желілердің қазақстандықтар арасындағы танымалдығын арттырды. Медиа систем мен Brand Analytics зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әлеуметтік желіні белсенді қолданушылардың саны 3,3 миллионға жеткен.

HR мамандар әлеуметтік желіні рекрутинг кезіндегі қосымша құрал ретінде әділ бағалайтын болды. Ол үміткердің мінезін бағалауға көмектеседі.

Кеңес заманынан кейінгі кеңістікте әлеуметтік желіні талдауды бірінші рет Ресей мен Қазақстанның қаржы нарығында MoneyMan бренді табысты қолдана бастады.
Ал мұндай әдістің Қазақстанда жаппай енгізілуіне негіз болған құралдың аса маңыздылығы емес, қанша дегенмен компаниялар ақшалай қарыз беретін кезде әлдеқайда маңызды нәрселерге сүйенеді. Әлеуметтік желі борышкердің кредитті алуына көмектесуі мүмкін. Несие ұйымдарының дәстүрлі анкетасында клиенттің ресми табысы туралы және басқа да стандартты сұрақтар болады, сондықтан ақпаратты бұрмалау қатерін жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен борышкердің қосымша табыс көзі де болуы мүмкін, мысалы жылжымайтын мүлікті жалға беретін шығар немесе хоббиінен табыс табатын болар. Бұл ақпаратты сіз оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көре аласыз. Әлеуметтік желі мәліметтерін талдау нәтижесі 1-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша баллға айырбасталады, егер қолданушы мысалы, 80 балл жинаса, кредитті алу мүмкіндігі жоғарылайды. Мысалы, Испанияда несие ұйымдары қарыз алуға үміткер туралы талданатын ақпарат жөнінде қатты шектеулі. Ол жерде әлеуметітк скоринг секілді құралдар бар, олар кредитке рұқсат беру немесе бас тарту кезінде өте үлкен рөл ойнайды.

Қазіргі таңда Ресей мен Қазақстанда мұндай құралды тек баламалы несиелендіру сервистері ғана қолданып отыр. Дегенмен, оған банк секторы өкілдері де үлкен қызығушылық танытқанын көріп отырмыз. Мысалы, 2017 жылдың соңында Сбербанк осы технологияны 2018 жылдың ортасынан бастап қолданысқа енгізетінін мәлімдеді. Әлеуметтік скорингті одан да белсенді қолдану – уақыт еншісіндегі мәселе.

Әлеуметтік желі қолданушысы бір қарағанда түк жазбағандай көрінгенімен, көп нәрсені айтып қояды. Өзіне ұнаған жаңалықтарға, суреттерге лайк басады, өзі қызығатын топтарға жазылады, ұнаған музыкасын плейлистіне жүктеп алады, бұның бәрі клиенттің мінезін толыққанды сипаттап беруі мүмкін. Немесе, мысалы, парақшаның пайда болғанына 2 ай ғана өтсе де, онда жүздеген пост жарияланса, бұл белсенділік жалған болуы да мүмкін. Және суреттегі геотегтің анкетада көрсетілген қалаға сәйкес келмеуі де күдік туғызады. Егер бірден бірнеше шарт бойынша мәлімет шындыққа сай келмесе, алдыңызда алаяқ тұрғанына сенімді болыңыз.

Әлеуметтік желіден алынған ақпарат клиенттің төлемді уақтылы төлеу тәртібін, сондай-ақ тұтынушылық қажеттіліктерін жақсылап сипаттап береді. Сарапшылар түсінігіндегі борышкердің мінсіз профилі мынадай болады: бұрыннан тіркелген аккаунт, достары көп, үнемі саяхаттаған жерінен, тамақтанған дәмханасы мен тамашалаған театрынан геотегтеп, сурет салып отырады. Өз өмірі туралы посттар жазып, қызығатын топтарына жазылып қойған. Әлеуметтік скоринг қолданушы туралы көбірек мәлімет береді, сөйтіп борышкердің тұлғалық образын толықтырып, аша түседі.

Бүгінгі таңда Ресей мен Қазақстанда бұл жүйені дамытуға ешқандай заңнамалық шектеу жоқ. Оның үстіне, ешкім әлеуметтік желі қолданушысын аккаунт ашып, өзі жайлы ақпаратпен бөлісуге мәжбүрлеп отырған жоқ. Қазақстанда жеке өмірге араласуға заңмен тыйым салынған. Бірақ бұл ақпаратты қолдану жеке өмірге баса-көктеп араласу ретінде қарастырылмайды. Мысалы, HR-компаниялар әлеуметтік желіні рекрутингтегі қолайлы құрал ретінде бұрыннан пайдаланып келе жатыр.

Біздің тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік скорингті пайдалану борышкер туралы қосымша ақпарат алу үшін қолайлы әрі тиімді құрал бола алады, бұл әрине, несие ұйымының тәуекеліне де әсер етеді.

Жоқ, бұл тұтынушыны бағалауда тамаша қосалқы құрал, бірақ негізгі құрал емес. Алынған ақпарат қаржыны беруде шешуші рөл атқармайды, бірақ алынған ақпаратты қосымша мәліметтермен толықтыруға мүмкіндік береді. Мінез-құлқын талдау, психологиялық мінездеме қарыздың қайтарылуына болжам жасауға мүмкіндік береді. Әлбетте, ашық дереккөзден алынған ақпараттардың несие беру туралы шешім қабылдау кезінде маңызы зор, бірақ бұл негізгі фактор емес. Компания үшін ең бастысы – клиенттің қаржылық сенімділігі. Әлеуметтік желілер мен басқа да ақпарат көздері борышкердің жеке тұлғасын талдау кезінде тағы бір құрал ретінде көмегі зор.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік желідегі ақпараттарды пайдалану арқылы клиенттерге несие беріп отырған компаниялар аз емес. Сонымен бірге базалық ақпарат кредиттік скорингке негізделеді. Әлеуметтік скоринг болашағы зор құбылыс, бірақ ол әлемдік нарықта да, қазақстандық нарықта да шешуші құбылыс емес. Мәселе ақпараттың саналуандығында және бір желіден бірнеше аккаунт ашу мүмкіндігінде. Мысалы Колумбия мен Филиппинде Lenddo.com бағдарламасын қолдану арқылы дәл осы әлеуметтік желідегі профиліңмен несие алуға болады. Бірақ ол ғана емес, сонымен бірге басқа да талаптары бар: сайттағы өтінішті толтырасың, суретіңді жүктейсің және әлеуметтік желідегі (Facebook, Twitter, LinkedIn, Google+) парақшаларыңа сілтеме бересің. Сонымен бірге әлеуметтік желідегі достарың мен туыстарыңды да осы жерден кредит алуға шақырасың. Сондықтан жылдам кредит алу үшін жай ғана онлайн-сервистегі өтінішті толтырғаннан оның әуре-сарсаңы аз дей алмаймыз.

MoneyMan.kz әлемнің 7 елінде, атап айтқанда Ресей, Польша, Грузия, Мексика, Бразилия, Колумбия және Испанияда табысты жұмыс істеп тұрған ID Finance финтех холдингтің құрамына кіреді. Холдингтің скоринг, оның ішінде әлеуметтік скоринг саласында өз зерттеулері, жоспарлары бар. Өзіміздің халықаралық тәжірибемізді қолдана отырып, оларды Қазақстанда да табысты түрде іске асырып, енгізіп жатырмыз.

ERNUR.KZ