Шағын бизнес жарна төлеуден 3 жылға босатылады

0
845

Шағын бизнес «Атамекенге» міндетті мүшелік жарна төлеуден тағы 3 жылға босатылды. Осындай шешімді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі қабылдады.


Шағын бизнес жарна төлеуден 3 жылға босатылады

Шағын бизнес «Атамекенге» міндетті мүшелік жарна төлеуден тағы 3 жылға босатылды.

Осындай шешімді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі қабылдады.

Съезде айтылғандай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күннен бастап жарна төлеушілер ірі және орта бизнес өкілдері – 22 мың кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Қалған 980 мың мүше міндетті жарна төлеуден 5 жылға босатылған болатын. Бұл негізінен жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар.

2015 жылы міндетті мүшелік жарналар бойынша ережелер қайта қарастырылған болатын. Жарна көлемі азайтылып, сараланды. Жарна төлеуден мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беруші кәсіпорындар толық босатылды. Нәтижесінде жалпы міндеттемелер 2 есе төмендетілген болатын. Алайда осы ретте «Атамекен» мүшелері өзінің кәсіпкерлік қызметі, бизнестегі беделі, жарналық салымына қарамастан құқықтары тең әрі ҰКП қызметтерін тең көлемде пайдалана алады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың айтуынша, Ұлттық палатаның қызметтерін қолданудағы бөлу әрі бақылаудың ашық әрі түсінікті жүйесі бюджетті үнемді әрі толымды пайдалануға мүмкіндік беріп және қазіргі таңда шағын бизнеске қосымша қаржылық ауыртпалық салудың қажеттіліг жоқ.

«Осындай тәсіл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес субъектілері арасында ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға жол ашады», – деді Елдос Рамазанов.

Шағын бизнес субъектілерін міндетті мүшелік жарна төлеуден 3 жылға босату туралы ұсынысты Съезд қатысушылары толық қолдады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет