Тікұшақ апатынан аман қалған табысты адам

0
1 503

Ол әлемді актерлік шеберлігімен ғана емес, кәсіптегі көрегенділігі арқылы ​таң қалдырған. Өткен желтоқсанда өзінің 101 жасын тойлаған аңыз адам Кирк Дуглас​ өткен ғасырдың 16 жылы еуропалықтарыдың отбасында дүниеге келген.


Тікұшақ апатынан аман қалған табысты адам

Ол әлемді актерлік шеберлігімен ғана емес, кәсіптегі көрегенділігі арқылы таң қалдырған. Өткен желтоқсанда өзінің 101 жасын тойлаған аңыз адам Кирк Дуглас өткен ғасырдың 16 жылы еуропалықтарыдың отбасында дүниеге келген.

30 жасында кино әлеміне келген ол бір "Спартак" бейнесімен көптің есінде қалды. 80 астам киноға түсіп, бірнеше кітаптарын сатылымға шығарған Кирктің өмірін 74 жасында тікұшақ апаты өзгертеді.

1991 жылы Дуглас мінген тікұшақ жерге құлайды, ішінде болған екі жас жандар сол жерде өмірімен қоштасады, бірақ 74 жастағы актер тірі қалады. Тек арқасынан ауыр жарақат алып, ұзақ жылдар емделуіне тура келеді. Сол сәтте оған үнемі "Мен неге тірі қалдым?" деген сұрақ маза бермейтін еді...

Кейіннен 5 жыл өткенде инсульт алып, мүмкіндігі шектеледі. Соған қарамай ол өзіне "Оскар" тағайындалған кезде сөз сөйлейді. Үзік-үзік болғанымен оны бәрі сол сәтте тамаша түсініп, ұзақ қол шапалақтаған болатын.

Актерліктен бөлек кітап жазуды машық еткен Дугластың адамдарға табысты болуы үшін айтқан кеңестерін ұсынамы:

  1. "Жағдайың нашар болған кезде елестет, бұдан да жаман болуы мүмкін еді".
  2. "Ешқашан, түсінесің бе ешқашан қолыңды жібере салма! Өзіңнің тіліңмен, тәніңмен, өміріңмен жұмыс істе".
  3. "Депрессия туралы емес, жұртқа қалай көмектесу туралы ойлан".
  4. "Өзіңнің кемшіліктерің мен қателіктерің үшін ұялма! Оны қалай жою туралы уайымда!".
  5. "Бәріне жеттім деп тоқтап қалма. Жаңа мақсаттар қойып, соған қарай жүр!".
  6. "Өзіңді мүжіме, көмек келсе қабыл ал және сен де өзгелерге көмек бер!".

Фото ашық дереккөзеден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ